Қазақстанның демократиялық «Ақ жол» партиясына бес теңтөраға сайланды. Енді Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосовтың қатарына Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Алтынбек Сәрсенбаев пен партия құрылтайшыларының бірі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы директорының бұрынғы орынбасары Людмила Жуланова сайланды. Мұндай шешім «Ақ жол» партиясының қарашаның 9-ында өткен 3-ші съезінде қабылданды.