Бес теңтөраға туралы партия төрағалқасының ұсынысын «Ақ жол» партиясының құрылтайшыларының бірі, белгілі қаржыгер Дәулет Сембаев жариялады. Бұл шешімге 12 делегат қарсы болып, 11-і қалыс қалса, 117-сі қолдап шықты. Төрайым Жуланова ханым науқастануына байланысты жиынға қатысқан жоқ, ал Алтынбек Сәрсенбайұлы көпшіліктің қол соғып, қолпаштауымен үш теңтөраға отырған төрдегі үстелге жайғасты. Жиынан соң ол теңтөраға ретіндегі тұңғыш мәлімдемесін «Азаттық» радиосының микрофоны алдына жасады:
- Сіз үшін теңтөраға болу күтпеген жағдай болда ма? Әлде…
- Мен енді бүгін шындығын айтқанда, съезге партияға мүше болу үшін және партиямен бірге болатындығымды білдіру үшін келіп едім. Маған делегаттар сенім көрсетіп, сайланбалы түрде теңтөраға етіп сайлады. Партияның қатардағы мүшесі болу немесе теңтөраға болу, төралқа мүшесі болуда үлкен айырмашылық жоқ деп ойлаймын…
- Сіздің теңтөраға ретіндегі міндеттеріңіз белгілі ме?
- Болашақта ақылдасуымыз керек жігіттермен. Маған дейінгі жігіттердің атқарған істері бар. Енді мен қосылып отырмын. Тағы бір кеңесіп, қалай жүретінімізді анықтасақ, сонан кейін белгілі болар. Негізгі жұмыс – партияның саясатын қалыптастыру және соны халыққа жеткізу.
Теңтөраға Ораз Жандосов бұл мәселе бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме бергісі келмейтіндігін, «бірақ бұл шешімді съезд қабылдағаннан кейін оның, әлбетте, оның оң сипатта болатындығын» айтты.
Ал теңтөраға Әлихан Бәйменов съезде тағы бір шешімнің қабылданғанын еске түсірді:
- Теңтөрағалардың сайлануына байланысты президиумның төрағалығына Болат Әбіловті, саяси атқару кеңесіне Бәйменовті сайлады. (Бұрын партияда мұндай лауазымдар болмаған – ред.)
- Жаңа теңтөрағаларды сайлау қандай қажеттіліктен туындады?
- Мәжіліске сайлауға әзірлік және партияға кірген жаңа мүшелердің ынта-жігерін, біліктілігін дұрыс пайдалану.
- Бұл партияның жұмысына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
- Алда уақыт көрсетеді. Бұған дейінгі партия басшылығын бір ерекшелігі өне-бойы бір-біріміздің артық жерімізді пайдаланып келді. Әрі қарай да солай болуы керек деп ойлаймын.
Сондай-ақ съезде теңтөраға Болат Әбілов: «Ақ жол» Бауыржан-шоуға», яғни президент бастамасымен құрылған қоғамды демократияландыру бойынша Тұрақты кеңес отырысына қатыспайтындығын ашық мәлімдеді. Олардың бұл бастамасын Коммунистер лидері Серікболсын Әбділдин де қолдайды:
- Біздің партиямыз да сол жиынға қатыспауды жөн көріп отыр. Сондықтан, мен олардың мәлімдемелерін қостаймын.
Сонымен бірге жиында «Ақ жол» партиясының Коммунистік және Патриоттық партиялармен бірлесе жүргізіп отырған «Жаңа заң. Жаңа сайлауком. Әділ сайлаулар» акциясына «Ауыл» партиясының қосылағаны мәлім болды.