Жамбыл облысы Жуалы жеріндегі Талапты ауылында тұратын Мелдехановтар отбасына жақында Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев арнайы хат жазып, сыйлық жіберіпті. Бұл жөнінде “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Мақұлбек Рыдәулет хабарлай отырып, оның сырын былайша түсіндіреді: “Әзірбайжан президенті сайланған күні Мелдехановтар отбасында үшінші сәби дүниеге келген. Олар көп ойланбастан, Әзірбайжан президентіне хат жолдап, құттықтап, бауырлас халықтың басшысы құрметіне ұлдарының атын Ильхам қойғанын хабарлаған”. Сондықтан, “Ильхам Әлиев өзіне құрмет көрсеткені үшін рахметін жеткізген”. “Әзірбайжан президентінің сәлемдемесін облыс әкімі Серік Үмбетов табыс етіпті. Сондай-ақ облыс әкімі өз атынан сәбиге көрімдік беруді де ұмытпапты”, - дейді газет тілішісі.
“Қазақстандықтардың басым көпшілігі үшін жаңа жұмыс орындары, несиеге қол жеткізу, жалақы мен зейнетақының өсуі маңызды, егер біз 2006 жылы әр қазақстандықтың жан басына шаққандағы орташа кірісі 2600 долларды құрайтын деңгейге жетсек, болашақ президент сайлауының тағыдыры шешілгені”, - деп есептейді Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев “Известия Казахстан” газетіне берген “Авторитарлы демократия” дегенді мен ойлап тапқан жоқпын” деген сұқбатында. Оның айтуынша, “билік жалғастығы тақырыбына қиялдаудың мүлдем қисыны жоқ”. Өйткені, “президент бір жолы 2006 жылы сауйлаға түсу ниеті бар екенін айтқан”. Президент кеңесшісі өз сұқбатында қазіргі оппозиция арасында “кәсіби қызығушылығын тудыратын” адамдардың бар екенін айтыпты. Олардың қатарына президент кеңесшісі Петр Своик, Асылбек Қожахметов, Гүлжан Ерғалиева, Нұрболат Масановты жатқызады. “Әміржан Қосановтың 1998 жылдан бері үкіметте болмағаны өкінішті, - дейді Ертісбаев, - Экс-премьердің күшті “идеялық” ықпалына түсіп кеткен, бірақ ол - сөзсіз кәсіби маман”. “Оппозицияның ынтымақтасуға даярлығын желтоқсанның 8-де өтетін Тұрақты кеңестен көреміз”, - депті Ермұхамет Ертісбаев “Известия Казахстан” газетінде.
“Асар” партиясының желтоқсанның 16-да тіркелу мүмкіндігін айтады “Аргументы и факты Казахстан” газетінде Николай Кузьмин “Қазақстанның партиялық жайлауы” деген талдау мақаласында. Оның айтуынша, “бізде бүгінде партиялардың қолында билік тұтқасы жоқ. Билік партиялардың кейбіреуінен теріс айналса болды, олар тұман сияқты тез сейіледі”.
Сонымен бірге осы газеттен оқырмандар Білім және ғылым министрі Жақсыбек Құлекеевтің сұқбатымен таныса алады. Оның айтуынша, “еліміздің жекелеген аймақтарында, әсіресе оңтүстікте оқушы орындары жетіспегендіктен, балалар үш кезекпен оқуға мәжбүр.” Биылғы жылдан бастап, үш жыл қатарынан ауыл мектептерін салу үшін 5 миллиард теңге бөлінеді. “Бұл қаржы 600 жаңа мектеп салуға жұмсалып, оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесін біртіндеп шешуге мүмкіндік береді”, - деп есептейді Білім және ғылым министрі.
“Біз қаласақ та, қаламасақ та Қазақстанда атом энергетикасы дамитын болады”, - дейді Энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник “Новости недели” газетінің тілшісіне берген сұқбатында. “Өйткені, бізде білікті мамандар мен осы сала бойынша үлкен тәжірибеміз жинақталған. Орасан зор уран қоры мен отын шығару технологиясына ие болып отырмыз. Ең соңында, бұл - күрделі экологиялық мәселелердің шешімі. Ең бастысы бұл әлемдегі ең қауіпсіз атом қондырғылары болады”, - деп сендіреді министр Школьник.
Өскеменде ауаны зиянды қалдықтардан тазалаудың мүлдем жаңа тәсілі енгізілуде. Бұл жөнінде “Экспресс К” газеті соңғы санында хабарлайды. “Құтқарушы техника ғылымдарының кандидаты Юрий Агапов кейпінде келіпті. Ол Өскеменді зиянды қалдықтардан толығымен тазалап шығуға даяр. Оның өз технологиясы бар”, - дейді Андрей Кратенко.
“Комсомольская правда Казахстан” басылымы “Канцерогенді іздеу біздің ғалымдарымызға тиым салынған” деген мақалада шыны құтыларда салынған өнімдердегі(ең алдымен балаларға арналған тағамдарда) семикарбазид деген заттың денсаулыққа әсері туралы мәселені кезекті мәрте қозғайды. “Хайуандарға жүргізілген екі айлық тәжірибе оның қатерлі ісік дертін тудыру мүмкіндігін анықтаған”. Бұл жөнінде Тағам қауіпсіздігі еуропалық комиссия дабыл қаққан. Алайда, “Қазақстанда бұл мәселені қатерлі деп есептемеді. Дұрысы, республиканың санитарлық дәрігерлері бұл жөнен бейхабар”, - дейді Наталья Соколова.
“Заң” газеті“ ”Сырты бүтін, іші түтін” деген мақалада “Ақтөбемұнайгаз” компаниясының бір топ жұмысшыларының өз басшылығы үстінен республика президентіне жұмыстан заңсыз шеттетілгендерін айтып, кезекті мәрте хат жазғандарын хабарлайды.