Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылым беттерінде Олжас Сүлейменовпен сұқбат, партиялық құрылыс туралы талдау материалдар және қоғамдағы саяси-экономикалық мәселелерге орай мақалалар жарық көрді.

“Адам өмірін ешқандай жазамен қайтарып алу мүмкін емес. Ал мафияның ажалсыз екені аян. Осы жолы да олар судан құп-құрғақ шығып, өлім жазасын айналып өтті”, - деп жазады “Новое поколение” газеті Қазақстанның бұрынғы өнеркәсіп министрі, “Ойл констракшн компани” кәсіпорнының басшысы Хайролла Оспановтың өліміне кінәлілерді жазаулауға байланысты шығарылған сот үкіміне орай. “Ең басты төрт айыпкерге – тапсырыс беруші, ұйымдастырушы және екі кісі өлтірушіге берілген жаза өтеу мерзімін қосқанда 67 жыл болады”, - дейді мақала авторы Аврора Крейсер. Сондай-ақ осы газетте қазақстандағы саяси партияларға орай Александр Черкасовтың мақаласы берілген. Онда белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин республикадағы ең күшті партиялардың қатарына “Отан”, Азаматтық, “Ақ жол” партиясын жатқызады. “Отан” өте ауыр қозғалатын, негізінен бюрократтық технологиямен құрылған партия деп есептейді сарапшы. “Ал азаматтық партия тек өзі мүддесін қорғайтын бизес-топтарға қатысты мәселеде ғана шынайы жанданады”. Саясаттанушы “Ақ жолды” қазіргі кезеңдегі “кәсіби әрі бүгінгі күн талаптарына жауап беретін саяси құрылым” ретінде бағалайды. Газеттің өзі “партияның ішінде оның өмір сүруіне қатер төндіретін” факторлар бар деп есептейді. “Дәлірек айтқанда ол - билік бөлісуде. Сәрсенбаев сияқты қабілет бар адам 25 пайыздық билікті қанағат тұтуы күмәнді”, - деп жазады басылым. “Ал уақыт өте алғашқы категориядағы саяи ойыншылар қатарына “Асар” партиясы қосылады”, - деп есептейді саясаттанушы Қарин. “Караван” апталығының тілшісі Вячеслав Таиров “аумалы-төкпелі аптаның көңілсіз тұжырымдары мен қайғылы нәтижелері” деген мақалада “Ресейде билік бизнес пен қоғаммен қарым-қатынаста жаңа, қатаң тәсілдер қолданып отырғанын”, айта келіп, “Қазақстандағы билік те әлсіздігімен ерекшеленбейтінін, бірақ республикада жұмыс істейтін компаниялар саясат пен саясаткерлерді өз ырқынша ұстатынын” жазады. Содан кейін автор “Ақ жол” партиясының теңтөрағаларын және партияның төралқа мүшесі, Қазақстанның Ирандағы елшісі Төлеген Жүкеевті сынға ала бастайды.

“Қазақ әдебиеті” газетінде журналист Әмірхан Балқыбектің ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің “ХХ ғасырдың жұрты хақ адамзат халқы болып біругуі керек” деген көлемді сұқбаты жарық көріпті. “Адамзат – жер планетасы деп аталатын елдің көп ұлтты халқы әр бір адамның құқы мен міндеттерін анықтайтын өз заңы, өз конституциясы, нұсқасы шамамен БҰҰ-ына келетін үкіметі бар дара біртұтас мемелкет. ЮНЕСКО-ның бас конференциясы біршама пікірталастан соң 2006 жылды “Планетаралық Сана жылы” деп атау туралы біздің ұсынысымызды бірауыздан мақұлдады”, -дейді Олжас Сүлейменов.

“Эспресс К” газеті Павлодарда “Хизб-ут-тахрир” экстремистік ұйымының листовкалары пайда болғанын жазады. “Орталық мешітте, Павлодар университетінде және бірнеше орталық көшелерде жас жігіттер мұсылмандарды ортақ ислам халифтына бірігуге, американдықтардың Өзбекстанда қоныстануына мүмкіндік бермеуге шақыратын қазақ және араб тілдеріндегі листовкаларды өтіп бара жатқан адамдарға жылдам таратып, қабырғаларға жапсырып кеткен.” “Бізге белгілі бірде бір теракт жасамаған ұйым исламшылдарды Қазақстанның оңтүстігінен мұқият іздей бастады”, -деп жазылған “Деловая неделя” газетінің редактор бағанында. “Қызығы сол осы бір құпия, әрі анық идеалистік (әйтпесе, халқы діндарлығымен ерекшеленбеген қазақстанда таяушығыстық үлгідегі мемлекет құруға қалай үміттенуге болады?) осындай қауымдастықтың насихатшыларын оншақты рет ұсталуына байланысты сот процестерінің нәтижелері туралы бірде-бір рет айтылмайды. Олар яки сотқа жетпей, аранйы қызмет орындарының есептерінде ғана қалады, яки ақырында олардың әректтерінің қылмыстық сипаты анықталмайды”, - деп қорытады “Делова неделя” газеті.

“Жас қазақ үні” газеті “Қазақстан мұнайының қызығын кім көріп жатыр?” деген мақалада мұнайдан түсетін пайданы ғана емес, оған кететін шығын көлеміне тоқталады.

“Панорма” апталығының мәліметтеріне қарағанда, “Қазақстанда жанар-жағар май, жұмыртқа, сүт, әсіресе ұн мен нан бағасының көтерілуі көпшіліктің көңілін күпті етуде. Соңғы 10 ай аралығында ұн шығарушылар қойған баға 17, 5 пайызға артқан. Ал қараша айындағы өсім көлемі - 1 пайыз. Ұн сабағысын арттыруда Ресеймен шекаралас Солтүстік қазақстан мен Бтыс қзақстн облысы алдына жан жалмаса, нан шығарушылар арасында баға көтуде жамбыл облысы рекордық көрсеткішке қол жеткізген. Ондағы нан бағасы бірден 5 есеге, яғни, ораша ұлттық бағамнан 20 пайызға артық өсіпті”.
XS
SM
MD
LG