Ол осы заң жобасын талқылау барысында екі принциптік мәселе талас туындағанын айтты. «Бірінші, депутат Макалкин заң жобасының атын «Сөз және шығармашылық бостандығы туралы» деп өзгертуді ұсынды». Алайда сөз және шығармашылық бостандығының ауқымы әлдеқайда кең, ал үкімет ұсынған жобада мұдай ұғым тек бұқаралық ақпарат аясында қамтылған. «Сондықтан, бұл тұжырымдамалық жағынан дұрыс бола қоймайды. Депутаттар үкіметтен заң жобасын қабылдап алған кезде оның тақырыбымен, тұжырымдамасымен келіскен».
Екінші мәселе әдеттегідей мемлекеттік тілге қатысты туындаған. «Заңда ақпарат құралдарының мемлекеттік тілде хабар таратуының апталық көлемі тең болуы керек деген бап бар болатын. Кейбір кісілер «Осы апталық дегеннің қажеті қанша? Көлем деген жеткілікті емес пе?» дегенді айтты».
Бірақ осы тараптағы бүгінгі күнге дейінгі қиыншылықтар мемлекеттік тілде таралатын хабарлар мөлшері қай уақытта екендігі нақтыланбағанынан туындағын белгілі деп есептейді Бәкір мырза. «Сосын бұқаралық ақпарат құралдарының тіліне қатысты баптың екінші бөлігінде мемлекеттік тілдегі хабарлар хабар таратудың тәуліктік кестесінде басқа тілдегілермен біркелкі орналасуы керек деген мәселе бар. Бұл негізінен элетронды ақпарат құралдарына байланысты»
Осыған сәйкес мұндай тілдік шектеу қою дұрыс емес, адам өзінің қалаған уақытында, қалаған тілінде хабар алуға құқығы болуы керек деген пікірлер айтылған. «Жұмысшы тобының көбі мұны қолдаған жоқ. Себебі, егер мемлекеттік тіл болса, оған мемлекет тарапынан қамқорлық керек».
Сондай-ақ хабарлардың тілге байланысты таралуын ертеңгілік, түскі, кешкі деп көрсету керек деген ұсыныстар айтылыпты. «Мұның редакциялық жағына назар аударып, жұмысшы тобының кезекті отырысында тағы да қарайық деген шешімге келіп отырмыз».
Әбдіжәлел Бәкір заң жобасы бойынша жұмыстың әлі көп екендігін, оған енгізілетін ұсыныстар мен толықтыруларға орай тағы екі салыстырмалы кесте жасалатындығын айтты.
Жұмыстың мұндай қауырт болуын жұмысшы тобының жетекшісі үкіметтің заң жобасына қатысты қызметін толық атқармағанынан көреді. «Заң жобасы тамыз және қыркүйек айларында «Заң» және «Юридическая газета» басылымдарында жарияланды. Сонда жұрт талқылау ұйымдастыру керек деп, оны қолға алған болатын. Ал үкімет оны бірден парламентке беріп жіберді. Енді бізге, парламенттің жұмысшы тобына үкіметтің де ролін атқарып, парламенттің де тапсырмасын жүзеге асыру қажет болып отыр».
Сондықтан, «жер-жерден мемлекеттік емес ұйымдардан, қоғам қайраткерлерден, жекелеген журналистерден толассыз түсіп жатқан ұсыныстардың барлығын қарап, сараптап, пайдалысын заңға енгізуді жоспарлаудамыз», - дейді жұмысшы тобының жетекшісі Әбдіжәлел Бәкір.
Алайда, Ақпарат министрлігінің бұқаралық ақпарат құралдары бойынша департамент басшысы орынбасарының қызметін атқарушы Біржан Белғара үкіметтік заң жобасында қоғамдық ұйымдардың пікірі мейлінше ескерілгенін айтады. «Шын мәнісінде, үкіметтік жұмысшы тобы құрылған алғашқы күнінен бастап, заң жобасының әділ, ашық және бүкілхалықтық талқылауға ұсынылуына жағдай жасап, бұқаралық ақпарат құралдарына ұсыныс жасаған».
Сөйтіп, заң әзірлеушілерге түскен 500-дей ұсыныстардың жартысынан астамы үкіметтік жобада көрініс тапқан. Мысал ретінде ол «Ақ жол» партиясының ұсыныстарының 50 пайызға жуығы қабылданғанын айтты.
Дегенмен, «Ақ жол» партиясының баспасөз хатшысы Айдос Саримов заң жобасында партияның ұсыныстарының толық қамтылғанына күмән келтіреді: «Шынына келетін болсақ, үкіметтік құжатта олардың концепциясына қайшы келмейтін ұсыныстар ғана енген». Ал партияның «бұқаралық ақпарат нарығын реттеу, олардың бір қолда шоғырланбауын болдырмау, шын мәнісіндегі сөз бостандығын қамтамасыз ету мәселесі онда көрініс таппаған, сондықтан, ендігін үміт – депутаттарда», - дейді Айдос Саримов.