Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда Қазақстанда қатігездікті насихаттайтын әдебиеттердің ресми дүкендерде емін-еркін сатылатындығы туралы және тағы басқа қоғамдық-саяси тақырыптар қамтылған.

«Комсомольская правда Казахстан» басылымы осыдан бiр ай бұын Каспий теңіiндегi Ақоты аралында құстардың жаппай қырылып қалуына қатысты мәселе тағы да сиырқұйымшақтанып кетедi деп есептейдi. «Бұл бiрiншi рет емес. Каспий жағалуында аққулар жаппай қырылғанда да олар қатты ашаршылыққа ұшырағаннан өлдi деп шешкен. Ендi, 350 қанаттылар қаза болғанда ресми бұлақтар оларды қатты шаршап, түнде мұнай құбырларына соғылып өлдi деуге бар». Өйткенi, Алматы микробиология және вирусология институты құстардың денесiнде ауыр металдардың мөлшерi бiрнеше мәрте артқаны рас, бiрақ бұл өлiм әкелуi мүмкiн емес деп шешкен. Алайда, Атырау облыстық су ресурстарын қорғауды мемлекеттiк бақылау бөлiмi құстар өлген жерде мұнай өндiрумен айналысатын «Аджип ККО» компаниясымен су мен ауаны ластағандары үшiн соттасып, 15 миллион теңге айыппұл талап етудi көздеп отыр.

«Известия Казахстан» газетi Энергетика жќне минералды ресурстар министрi Владимир Школьниктiң Кашаған кенiшiн игеруге байланысты «Аджип» компаниясымен келiссөздерге байланысты жасаған ресми мәлiмедемесiнің толық мәтінiн ұсынады. Онда ол КТК телеарнасындағы осы мәселеге қатысты хабарларды «жиi және ұдайы берiлуi осы телеарананың бұл мәселеде белгiлi-бiр ақпараттық саясат ұстанғаны туралы айтуға болатындығын» және оның «қара РR-дың үздiк дәстүрлерiнде» жүрiп отырғанын айта отырып, телеарнаның «осы келiсiм-шарттарды әзiрлегендердi пара алды деген тiкелей айыптарын» жоққа шығаруға тырысады. Сондай-ақ осы газеттiң соңғы санындағы «Iшкi iстер министрлiгi аппаратында көз көрмеген тазалаулар жүрмек» деген мақалада Iшкi iстер министрлiгiндегi кезектi өзгерiстер бұл жолы штаттағы қызметкерлердi қысқарту арқылы жүзеге асатынын жазады. Мәселен, министр орынбасарлары 6 адамнан 4-ке, орталық аппараттағы департаменттер саны 21-ден 15-ке кемiген.

«Новости недели» газетiнiѓ тiлшiсi Асқар Омаров Қазақстан халықтары ассамблеясының он жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстандағы ресми дүкендерден қатiгездiк пен жауыздықты насихаттайтын кiтаптарды оңай сатып алуға болатындығын жазады. Мәселен, Алматы қаласының «Көлiк кiтабы» дүкенiнде «фашистiк iнжiлдi» - Адольф Гитлердiң «Майн кампфын» 3 мың теңгеге сатып алуға болады екен. «Көптеген елдердi бұл кiтапты таратқаны үшiн бiрнеше жылға бас бостандығынан айырылуға болады. Ал бiзде фашистiк идеологияның негiздемесi емiн-еркiн кiтап сөрелерiнде жатыр. Ол аздай, оның отандық нұсқалары пайда болған». «Бiз мұндай әдебитеттердiң таралуын кiм қалай қадағалайды деп мемлекеттiк орындарға телефон шалғанымызда, бiр қызыққа кез болдық. Бiздiң мемлекеттiк орындар қазiр исламдық экстермистiк топтардың, әсiресе «Хизб-ут-Тахрирдiң» әдебитеттерiн таратпауға екпiн салуда екен. Соған қарағанда, арнаулы қызмет орындары соларға ғана назар салып, елiмiздiң тұрақтылығына олардан кем қауiп төндiрмейтiн басқа идеологиялар қалтарыста қалуды», - деп жазады «Новости недели» газетi.

«Егер бiз радиожиiлiктерге берiлетiн тендерде жеңiп шықсақ, келесi жылдың бiрiншi жартысынан бастап «НТВ - Казахстан» телеарнасы хабар тарата бастайды. Оның хабарлары «Хабар» мен «ОРТ - Еуразия» хабарлары сияқты Қазақстанның түкпiр-түкпiрiн қамтитын болады», - дейдi «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс бөлiмiнiң басшысы Виктор Киянице «Аргументы и факты Казахстан» газетiнде.

Әдiлет министрлiгi мен «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы арасындағы бұлыңғырлық кереғар жағдай тудырды: үш жыл бұрын қызмет борыншын өтеу барысында қаза болған судьяның шешесi мен бауыры заң бойынша тиесiлi сақтандыру қаржысына қол жеткiзбестен о дүниелiк болды», - деп жазады «Эспресс К» газетiнiң тiлшiсi сот залынан жасаған «Азаптың үстiмен жүру» деп аталатын мақаласында.

Шымкентте депуаттыққа үмiткерлердiң сотқа жасаған шағымдары бойынша бiрнеше сот процестерiнiң жалғасып жатқанын деп хабарлайды «Юридическая газета» «Депутат орынтағы айналысындағы арпалыс» деген мақалада.

“Сөз” газеті “Грузия елесі” Қазақстанды кезіп жүр. Сайлау туралы заң сол елестің шындыққа айналдыруы мүмкін“ деген мақалада саяси қыстың “суық” болатындығын жазады.”Өкіметтің жоғарғы эшелондарында билік үшін өте қызу күрес басталып кеткенге ұқсайды, себебі, “Асар” партияға айналып, “Ақ жол” радикалданып келеді. Тек сол күрестің салқыны қарапайым халыққа тиіп жүрмесе болғаны (Грузиядағы теке-тіреске ұқсас)”, - дейді газет тілшісі Мақсат Мұратов.
XS
SM
MD
LG