Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылым беттерінде Қазақстан президентінің мұрагері кім болуы мүмкін деген тақырып төңірегінде талдау материал, осы мәселеге қатысты Дариға Назарбаеваның пікірі жарық көрген. Сондай-ақ елімізде болып жатқан басқа да даулы саяси-экономикалық оқиғаларға орай талдау мақалалар шықты.

Мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетов президент Назарбаевтың мұрагері болуы мүмкін деген болжам төңірегінде ой қозғайды Мұхаметжан Әділов “Aссанди таймс” газетінде. Оның айтуынша, қазір “Астанада президент әкімшілігінің жетекшісі Нұртай Әбіқаев басқа жұмысқа, бәлкім, Ұлтық қауіпсіздік комитетінің төрағалығына ауысуы мүмкін. Ал оның орнын сол “президенттің өнімі” басады. Бұл орынға ол қазіргі лауазымын – Мемлекеттік хатшылығын сақтап келуі мүмкін деген әңгіме айтылуда”. Президенттің қызы Дариға Назарбаева өзін болашақ президент ретінде айтуды “күлкілі әрі ақымақтық” деп есептейді. Бұл жөнінде ол осы газетте жарық көрген “Баспасөз баспасөз болып қалуы керек” деген сұқбатында мәлімдепті. Оның айтуынша, “мұрагерді Тағдыр таңдайды, ал оның дәл қашан болатынын ешкім де айта алмайды”.

КТК телеаранасының директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Клещенков “Патриоттар ойыны” деген мақалада “Ақ жол” партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаевты “ашықтан-ашық ұлтаралық араздыққа май құюшы” деп айыптайды. Оған Сәрсенбаевың соңғы сұқбаттарының біріндегі “Қазақмыс” корпорациясының басшысы Владимир Кимнің “жас түркілерді сайлаудан өткізбейміз” деген мәлімдемесіне орай айтқан сөзі түрткі болыпты. Сәрсенбаев онда: “Шет ел менеджері “жас түркілер” дегенде егемендікті алып жүрушілердің бірі - нақты халық өкілдерін меңзеді”, - деп айтыпты. Сондай-ақ Клещенков осы мақаласында “Ақ жол” партиясын “типтік үлгідегі сектанттық” деуге дейін барады. Осы газетте, сондай-ақ, Қазақстанның Австриядағы елшісі Рахат Әлиевпен “Австрия мен Қазақстан: екі жақты сауда қарқыны артуда” деген шағын сұқбаты премьер-министр Даниал Ахметовпен жасалған “Еуропа – Азия көпірі” деген сұқбатпен қатар берілген. Премьер-министр өз сөзінде “жуырдағы 25 жылға шетелдік инвесторлармен 100 миллиард доллардан артық қаржыға келісім-шарттар жасалғанын” айтыпты.

Ал “Новое поколение” газеті “Қазақстан мұнай дүмпуі кейінге шегірлгенін” жазады. “Каспийдің үлкен мұнайы әлемдік рынокқа мемлекет басшылығы ойлаған мерзімнен екі жыл кейін ағатын болады. Халықаралық “Аджип” корпорациясы Кашағандағы мұнай өндіру ісін 2007 жылға қалдыруға шешім қабылдады”, - дейді Василий Лукьянчиков. Оның айтуынша, “оқиғалардық өрбу қисынына қарап, Қазақстан үкіметі Қашаған мұнайын өндіруді 1-1,5 жылға кешеуілдетуге келісуге мәжбүр болғанымен, ол консорциум акционерлерінен қомақты өтемақы алуды есепке алып отыр”. Осыған сәкес журналист президент Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың жазында консорциум “ертерек” мұнай алуға қатысты уақыт бойынша міндеттемесін орындамаса, оған 500 миллион доллар айппұл тартылады деп айтқанын және Энергетика министрі Владимир Школьниктің қараша айында өтемақы көлемін 150 миллион доллар дегенімен, жуырда оның көлемі “әлдеқайда зор” болатындығын ескерткенін еске түсіреді.

“Начнем с понедельника” газетінде “Хизб-ут-тахрирдің” көздегені не?” деген мақалада Асхат Еркімбай өткен жұмада Орталық мешітте орын алған оғаш оқиғаға тоқталады. “Жұма намазынан соң “Аллаһу акбар” деген дауыстар мешітті жаңғыртып жіберді. Сыртта әлдебіреу дауыс зорайтқышпен уағыз айта бастады... Шамалыдан соң “Кәрімов яхудей” деген тәрізді Өзбекстан президентіне қатысты түрлі сөздер естіле бастады. Әлгі “Аллаһу акбар” деп ұрандатқан топ мешіттің сыртынан шығып, қолдарындағы ұрандарын, ішек құрыластары тілінген, соққы көрген адамдардың суреттерін жоғары көтеріп, Пушкин көшесіне бет алды. Гоголь көшесіне бұрыла бергенде полиция қызметкерлері оларды қуа жөнеліп, екі-үшеуін ұстап алды”, - деп баяндайды күәгер. Осы оқиға бойынша ол Діни басқармаға хабарласқанда, баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек мұны: “Үкімет секталарға қатысты заң жобасын қарастырып жатыр. Сол қабылданғалы жатқан заң актілеріне орай “Хизб-ут-тахрир” партиясының қарсылық білдіргені”, - деп түсіндірген. “Дала мен қала” газетінде Мұрат Әуезов “Ұлттық кеңес қарсаңында: Тарихпен диалог жасалатын болады” атты сұқбатында мәдени мұралар мәселелеріне тоқаталады. Ал “Қазақ әдебиеті” газетінде әнші Мақпал Жүнісова “Сахнасыз әр күнімді елестету мүмкін емес” деген сұқбатында... тәуіптік қасиет, тіл-көзден сақтану туралы сыр бөліседі.
XS
SM
MD
LG