Өлім жазасына кесілгендердің жоғары жаза түріне мораторий жарияланғаннан кейінгі жағдайы қандай? «Комсомольская правда Казахстан» басылымы соңғы санында осы мәселе төңірегінде қалыптасқан кереғар жағдайға тоқталады. Газет мәліметтеріне сенсек, бүгінде Қазақстанда өлім жазасына кесілген 20 адам бар. «Өлімге кесілген қылмыскердің мораторий жарияланғаннан кейін бірден басқа жоғары жазалау түрін, яғни, өмір бақи түрмеде отыру жазасын алуы қисынды сияқты. Алайда, барлығы біз ойлағандай оңай емес», - дейді газет тілшісі Вадим Береговой.