«Сенбі күні саяси тұтқын Ғалымжан Жақияновты қорғау митингісіне 2 мыңнан астам жиналды», - деп хабарлайды «Сөз» газеті. Алайда, сол күні де, онан кейін де бұл оқиға жөнінде Қазақстанның бірде-бір телеаранасы хабар таратқан жоқ. «Біздің мәліметтеріміз бойынша, митингіні эфирге шығармау туралы бұйрық әр жерден, үкіметтен, президент әкімшілігінен түскен», - деп жазады «Сөз» газеті.
Дегенмен, Жақияновты бостандыққа шығару туралы тілек-талап «Жас алаш» және «Азат» газетінде қозғалады. «Жас алаш» газетінде «Ақ жол» партиясының теңтөрағасы Алтынбек Сәрсенбаев «Ғалымжанның түрмеден тез шығаруын қамтамасыз ету керек» дегенді айтады.Оның сөзіне қарағанда, «2001 жылдың күзінде президенттің өзімен емес, отбасы мүшелерімен Ғалымжанның арасында үлкен қақтығыс болады». «Кейін президенттің айналасында жүргендер елбасының артына тығылып қалды да, Ғалымжан мен президентті бетпе-бет қақтығыстырды... Қақтығыс үлкен шиленіске айналып, ақыры Ғалымжанның түрмеге түсуіне алып келді», - дейді Алтынбек Сәрсенбаев.
Ол: «Ертең Ғалымжанға қатысты анау-мынау жағдай болса, үлкен жауапкершілік президенттің мойнында қалатындығын» айтады.
Ғалымжан Жақияновтың өзі «Азат» газетінде жарияланған «Дәуірмен бетпе-бет» деген өмірбаяндық кітабынан келтірілген үзіндіде алдыңғы парламенттік сайлау кемшіліктермен өтіп, президенттік сайлау «Қазақстанның саяси дамуын артқа шегіндірді» дегенді жазады. «Президенттік сайлау науқанының қызған кезінде әкімдерде тыныштық болмады. Апта сайын түрлі мәліметтер тапсырып, президент әкімшілігіне де жиі шақырылып отырдық», - дейді Павлодар облысының сол кездегі әкімі Ғалымжан Жақиянов.
Оның айтуына қарағанда, президент жабық жиында облыс әкімдеріне: «Менің мына жақта, ақпарат құралдары алдында сайлауды әділ өткізу туралы айтқан сөздеріме алаңдамай, өз шаруаларыңды бітіре беріңдер», - дегенді айтқан. Сондай-ақ осы сайлау қарсаңынды президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевпен президенттікке кандидат, қазіргі парламент депутаты Ғани Қасымовтың арасында белгілі-бір келісімінің болғанын аңғарғанын айтады.
Жақиянов парламенттік сайлау қарсаңында әкімдерді президент әкімшілігінің сол кездегі басшысы Сарыбай Қалмырзаевтың жеке-жеке қабылдағанын жазады. Бұрынғы әкімнің сөзіне қарағанда, қазіргі Сыбайластық пен жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қалмырзаевтың кейін қаралауға болатын кандидаттарға бүйрегі бұрып тұрған:
«Жеңуге жақын тұрған кандидаттарға подход іздеп көрейік», - дегенді айтыпты. «Подход дегені «компромат» екен. Мысалы, Павлодар қаласынан Дворецийдің өтуіне қарсы емес. Өйткені, ол - коммерсант, соңынды шикіліктері жетерлік – Парламентте еш тырп ете алмайды, айтқанды орындайды». «Бүгінгі пікірлерін тез өзгерте қоятын депутаттарды көрсем, есіме Қалмырзаевтың әдістері мен сейфінде жатқан «компроматтары» еске түседі», - дейді Жақиянов.
Оның айтуынша, «зорлықпен болсын, айламен болсын жоғарыдан белгіленген депутаттарды өткізу» туралы нұсқауды сол кездегі барлық облыс әкімдері алған.
«Айқын» газетінде бірқатар жастар Қазақстандағы сайлаудың әділетсіз өтетіндігіне кейіс білдіреді. Мысалы, Еуразиялық ұлттық университтетің бір студенті былтыр қазан айында Астанадағы 11-ші сайлау учаскесін қала әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджанов қалай бақылауда ұстағанын айтады. Ал «Қазақстан жастары ақпараттық қызметі» студенттер арасында сауалнама жүргізген кезде олардың басым көпшілігінің сайлауға сенбейтіндіктерін анықтаған.
«Заң» газетінде қоғамдық ұйымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан сынға ұшыраған «Сайлау туралы» заңның Конституцияға толық сәйкестігі жөнінде Конституциялық Кеңестің қорытындысы берілген.
«Литер» газетінде Коммунитік партия қатарынан шығарылып тасталған, Парламент депутаты Владислав Косарев өзі жаңадан құрған Қазақстан Республикасы коммунистер партиясы парламент сайлауына дейін ресми түрде тіркеліп үлгеретіндігін хабарлайды. Оның айтуынша, жаңадан құрылған коммунистік партияның бүгінде 25 мың жақтасы бар. Ал «Сөз» газетінде ресми түрдегі Коммунистік партияның пленумы өтіп, онда Қазақстан президентінің отставкаға кетуі талап етілгені және партия лидері Серікболсын Әбділдинді қазақстан президенттігіне өз кандидатурасын әзірлеуге кеңес берілгені айтылған.