Ақпанның 24 күні АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Қазақстанның шекарашылары мен кеденшілеріне 769 “Моторолла” жылжымалы радио жабдықтарын табыс етті.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары генерал-майор Берқалиев мырзаның айуынша, “бүгінде Қазақстандағы шекара қызметіндегі радио жабдықтарының 50 пайызына жуығы ескірген”. Сондықтан радио жабдықтар құрамында 1169 рация мен 12 “Моторолла” күшейтуішінің табыс етілуін генерал-майор Берқалиев мырза жоғары бағалайды. Оның сөзіне қарағанда, “бұл радио жабдықтар сенімді, қолданауға ыңғайлы”. Шекара қызметінің полковнигі Асановтың мәліметтеріне қарағанда, “бір радио жабдықтың құны - 200-300 доллар”. Америка Құрама Штаттарының елшілігінің баспасөз қызметкері Айнұр Садықованың хабралауынша “бұл құрал-жабдық АҚШ Мемлекеттік департаменті арқылы қаржыландырылды. Экспорттық бақылау мен шекара қауіпсіздігі бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды”.
Бүгінгі күні елшілік осы бағдарлама аясында шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекемелерді қолдау үшін 5 836 49 долларға құрал-жабдық алды. Осы жерде тағы бір ескере кететін бір жәйт, Америка Құрама Штаттары, мәселен, 2003 жылы Қазақстанға 92 милион доллардың көмегін көрсеткен. Атап айтқанда, демократияны қолдауға – 13,9 миллион доллар бөлсе, экономикалық және әлеуметтік реформаларға - 23,4 миллион доллар, қауіпсіздікке және құқықтың сақталуына – 49,2 миллион доллар; ізгілікті көмекке 0,5 миллион доллар, салааралық бастамаларға 5 миллион доллар бөлген. Ал осы жолғы радиотехниалар арқылы көмек көрсетудің себебі неде? Елшіліктің баспасөз қызметкері Айнұр Садықованың айтуынша, “аталған елдердің экспорттық бақылау мен шекара қауіпсіздігін жүзеге асыру, агенттіктердің білімін жетілдіру арқылы Қазақстан мен Құрама штаттары жаппай қырып-жоятын қару-жарағын заңсыз тасымалдау, технологияларды екі жақты пайдалану және жалпы қару-жарақты пайдаланудың алдын алуда нәтижеге жетуге үмітті”.
“Бұл көмекке елшілік қана емес, екі жақты ықылас танытып отырмыз”, - дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Берқалиев мырза. Оның айуынша, “басты міндет – халықаралық терроризммен күрес”. Ал “Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы жағынан бастыстың да, Шығыстың да, оңтүстіктің де, солтүстіктің де мүдделерінің түйіскен жеріне дөп келеді”. “Сондықтан, біздің шекараның қауіпсіздік қамтамасыз етуге Америка Құрама штаттары да, Ресей де, басқа елдер де мүдделі”,- деп есептейді генерал-майор Берқалиев.