Accessibility links

Шымкентте тағы бір адамнан коронавирус анықталды


Шымкент қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 25 наурыз 16.30-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шымкентте коронавирус жұқтырған бірінші адам 24 наурыз кешкісін анықталған. Ресми дерек бойынша, 1996 жылы туған адам қалаға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан келген.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. ​Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.

Қазір Шымкенттің кіреберісіне 12 блокпост қойылды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG