Accessibility links

Айтбай мен Сырымның айтысы


"Ел, Елбасы, Астана" ақындар айтысына қатысушы Айтбай Жұмағұлов пен Сырым Әуесхан. Астана, 8 шілде, 2013 жыл
"Ел, Елбасы, Астана" ақындар айтысына қатысушы Айтбай Жұмағұлов пен Сырым Әуесхан. Астана, 8 шілде, 2013 жыл

Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен Астана күніне орай ақындар айтысы өткен. Айтыстың алғашқы күні 20 ақын сөз сайыстырды.

Ақындардың төртінші жұбы болып шыққан қарағандылық Айтбай Жұмағұлов пен астаналық Сырым Әуесхан тақырып аясынан көп аса бермеді.
Айтысты бастаған Айтбай Жұмағұлов Астана емес, қазақтың өткен тарихын жырлады.

– Болған соң Кенесары төрем текті,
Елінің ертеңіне елеңдепті.
...Жерімді жауға беріп қоймаймын деп,
Елімді ойлап хан Кене елеңдепті.
Бақыртып лақтайын патша әскерін,
Бақырайтып қозыдай көгендепті.
Атаудың бекінісін қиратқан соң,
Ақмоланы алуға келем депті.
Аңызды Кене жайлы айтады көп,
Кенедей азап шекті қай төрең көп, - деп жырлады ол.

Ал қарсылас жас ақын Сырым Әуесханов президентті мадақтап жырға қосты.

- ...Біздің ел алтынға бай , мысы көп ел.
Байтағың – байлығыңды аңдып жүрген,
Жаулар көп көз алартып, түсіне бер.
Қаншама ел бізге көзін алартқанмен,
Қайсысының қазаққа күші келер.
Еркіндіктен айырылу бір-ақ сәтте,
Президентің болмаса пысық егер.
Біз сайлаған Нұрсұлтан Назарбаев,
Болып жүр мысымен өр, ісімен ер, - деп ол барынша «саяси сауатты» ақын екенін көрсетуге тырысты.

Қазылар жеңісті бірауыздан Сырым Әуесханға берді.

please wait

No media source currently available

0:00 0:29:52 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG