Accessibility links

Еркебұлан мен Серікзаттың айтысы


"Ел, Елбасы, Астана" деген атпен шілденің 8-9-ы күндері өткен ақындары айтысы. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
"Ел, Елбасы, Астана" деген атпен шілденің 8-9-ы күндері өткен ақындары айтысы. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Шілденің 8-9 күндері Астанада қала күніне орай «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтыс басталмас бұрын сахнаға шыққан айтыстың тұрақты жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман бұл айтысты Астана күн бағдарламасына енгізе алмағанын айтып, көрермендерге шағынды.

– Біздің бір ақынымыз Серікзат Дүйсенғазин алдыңғы күні елбасы қабылдауына осы айтыскер ақындардың атынан барып, «Сізге арнап, сіздің құрметіңізге айтыс жасап жатырмыз. Соған келіңіз» деп шақырып келді. Елбасы келер, келмес, әйтеуір құлағына тиіп, осыдан хабардар боп отырғанының өзі бізге сүйініш боп тұр. Айтысты жолдағы бір жолбикелер жамандап тастаған: «Бұл айтыс деген сені жамандайды, басшыларды жамандайды» деп, – деді ол.

Жүрсін Ерман «демеуші де жоқ» екенін, «кез-келген деңгейдегі бастықтардың барлығы осы айтысты өткізбеуге тырысатынын» айта келе:

– Құдайдай шынымыз, залын бермей, сұраған күнімізді ала алмай, тіпті жапсырған жарнамамызды да алып тастап жатты, – деп аяқтады айтыс басталар сәттегі кіріспе сөзін.

«ЕРТЕҢГІ ПРЕЗИДЕНТТІ ДАЙЫНДАСАҚ...»

Айтыстың алғашқы күні 20 ақын сөз сайыстырды. Ең әуелі сахнаға шыққан жұп – Еркебұлан Қайназаров пен Серікзат Дүйсенғазин.

«Бүгінгі Елбасымен жағаласпай, Ертеңгі президентті дайындасақ» деп сөз бастаған Серікзат Дүйсенғазин қарсыласына бұрыннан таныс "ағалы-інілі" адамдар ретінде қағытпа әзілдер айтты.

Оның қарсыласы Еркебұлан Қайназаров Астананың аумағына енетін ауылдардың қараусыз қалған көшелерін сөз етті:

Айтыс ақыны Еркебұлан Қайназаров.Астана. 8 шілде 2013 жыл.
Айтыс ақыны Еркебұлан Қайназаров.Астана. 8 шілде 2013 жыл.
– Іргеңнің дәл түбінде ауылдар бар,
Ішуге су, жағуға ток таппаған.
Қоянды, Қараөткел мен Талапкерің,
Жолдағы жолаушыны тоқпақпаған.
Астана, сен осыны білемісің,
Жөн болар өз аулыңды шет қақпаған.
Мұның бәрі ауданның ісі десең,
Ауданның іші де бар рет таппаған.
«Кирпичный», «Силикатный», «Лесозавод»,
Шұрқ-тесік жолдарыңа шөп қаптаған.
Көкталдың көшесіне көзің түссе,
Көкпардың орынындай ат таптаған.
Қар жауса көліктері қатқақтаған,
Жаңбыр жауса балалары батпақтаған.

Қазылардың бірауыздан қолдауымен екінші айналымға Еркебұлан Қайназаров өтті.

please wait

No media source currently available

0:00 0:34:56 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG