Accessibility links

Мейірбек пен Нұрматтың айтысы


Мейірбек Сұлтанхан. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Мейірбек Сұлтанхан. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Шілденің 8-9-ы күндері Астанада қала күніне орай «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті.

Айтыстың алғашқы күні сөз сайыстырған 20 ақынның үшінші жұбы қызылордалық ақындар Мейірбек Сұлтанхан мен Нұрмат Мансұров болды.

– Бәйтерегі жайқалған қаламызға,
Тал-терегі қураған елден келгем.
«Нұр Отан» нұр жаудырған Астанаға,
«Протон» у жаудырған жерден келгем, – деп сөз бастаған Мейірбек Сұлтанхан қарсыласы Нұрмат Мансұровтың мамандығының заңгер екендігін айта келе, өлеңін былайша өрбітті:

– «Астанада түкіруге болмайды» деп,
Былтыр бір заң шығып еді, шүкір деңдер.
Әлиев, Храпуновтар ұсталмаса,
Заңдағы шалағайлау үкімнен көр.
Түкіргеннің барлығы жазаланса,
Тазаланып қалар еді бүкіл жерлер.
Ең алдымен халыққа жауап берсін,
Елінің ертеңіне түкіргендер.

Байқоңырда құлаған «Протон-М» зымыран тасығышын айтыскер Нұрмат
Нұрмат Мансұров. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Нұрмат Мансұров. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Мансұров та айтып өтті:

– Жаманат жаһанға тез жар салады-ау,
Билікке мұңын тағы ел шағады-ау.
Байқоңырда «Протон» құлап жатса,
Әдетіміз баяғы сан сабалау.
Талғаттарға ел риза болмас па еді,
Жаралы елдің жанына болса жамау.
Көршінің соқырлығын сыйлаймыз деп,
Ағалар көз жұмудан шаршамады-ау.

Қазылар құрамы бұл жұптың айтысында жеңісті Мейірбек Сұлтанханға берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:27:06 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG