Алғашқы күннің аяғына таман Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Гүлзия Қалымбетова мен ақтөбелік Аян Сейітов айтысты.
Бірінші болып сөз бастаған Аян Сейітов "заман туралы толғады":
– Заман да заман, әз заман,
Түк шықпаған таз заман,
Сырттан айтқан сөз жаман,
Өкпем бар саған аздаған.
...Мен мұрындықсыз ботамын,
Бозінгенді іздеп боздаған.
Тойға шашып байлығын,
Абырой мен айбынын,
Асырып жатқан боз далам.
Шымкенттік ақын Гүлзия Қалымбетова өз өлкесін мадақтап жырға қосты:
– Теріскейді теңселтіп,
Шатырларын қиратып,
Боран өткен оңтүстік.
Сарыағаш пен Темірлан,
Қардың суы бұрқырап,
Орап өткен оңтүстік.
Қандай кезең болса да,
Ынтымақпен, бірлікпен,
Қоғам еткен оңтүстік.
Бірінші болып сөз бастаған Аян Сейітов "заман туралы толғады":
– Заман да заман, әз заман,
Түк шықпаған таз заман,
Сырттан айтқан сөз жаман,
Өкпем бар саған аздаған.
...Мен мұрындықсыз ботамын,
Бозінгенді іздеп боздаған.
Тойға шашып байлығын,
Абырой мен айбынын,
Асырып жатқан боз далам.
Шымкенттік ақын Гүлзия Қалымбетова өз өлкесін мадақтап жырға қосты:
– Теріскейді теңселтіп,
Шатырларын қиратып,
Боран өткен оңтүстік.
Сарыағаш пен Темірлан,
Қардың суы бұрқырап,
Орап өткен оңтүстік.
Қандай кезең болса да,
Ынтымақпен, бірлікпен,
Қоғам еткен оңтүстік.