Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Нұрлан мен Әсем


Айтыскер Нұрлан Есенқұлов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Айтыскер Нұрлан Есенқұлов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 жылдығына, Абылай ханның 300 жылдығына арналды.

Айтыстың бірінші күні Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Нұрлан Есенқұлов пен астаналық Әсем Ережеқызы алтыншы жұп болып айтысты. Қос ақын да Қазақстан қоғамында биыл дау туғызған жүкті әйелдерге төленетін «декреттік қаржы» мәселесін жырға қосты.

Алғашқы болып сөз бастаған Нұрлан Есенқұлов әлеуметтік төлемге өзгеріс енгізген «дөкейлердің» бастамасына сын айтты:

– Декреттің ақшасын «қырқамыз» деп,
Екі беттен ағызды-ау қайғы жасын.
Құрсақты аналарға қырын қарап
Шығарған шешім, міне, шайлық асың.
Көтерген аналарым көтерілген
Мұндайда сабырдан да айырыласың.
Кейбірі «тумаймыз» деп шырылдады
Себебі қуаныштан қайғы басым.
Періштенің аузынан жырып алып,
Дөкейлер, айтшы, кімді тойдырасың!
Министр мырзаларға не көрінген,
Бабаның ұмытардай бай мұрасын...

Ақын Әсем Ережеқызы. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Ақын Әсем Ережеқызы. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Қарсыласының бұл сөзін Әсем Ережеқызы әрі қарай былай өрбітті:

– Мен сонда кімге сенемін,
Соңынан кімнің еремін.
«Жөргекпұлы» қырық мың теңге,
Келмейтін құлаш сермеуге.
Биліктің қорып бақшасын,
Декреттің қиған ақшасын,
Жас аналарды шулатқан,
Үкіметіңнен де қайыр жоқ.
«Жөргекпұлға» барын салатын,
Он мың доллардан алатын,
Ресейдегі әйелдердей,
Дәл бізде пайым жоқ,
Бізде босанған анаға,
Шаш етектен уайым көп.
please wait

No media source currently available

0:00 0:29:00 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG