Accessibility links

«Наурыз» айтысы: Тұрар мен Асхат


Асхат Садықбеков, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Асхат Садықбеков, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 жылдығына, Абылай ханның 300 жылдығына арналды.

Айтыстың алғашқы күні ақындардың екінші жұбы болып Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскерлері Тұрар Тілеулиев пен Асхат Садықбеков айтысты.

Айтысты «туған жердің кемшілігін мүлде айтпаймын» деп бастаған Тұрар Тілеулиев:

– Мысалы үшін өртенген базарларды
Мен айтқанда бірдеңе өнеді ме?
Бала сатқан дәрігерді жасырайық,
Осындай ой саған да келеді ме?
Парамен ұсталған жемқорларды
Асхат-ау, қоса көрме өлеңіңе.
Түлкібаста атылған адамдарды
Айтқанда біреу көмек береді ме?
Сайрамдағы мектепті біз айтқанда
Алдыңдағы мынау ел сенеді ме?
Құмдағы арабтарды жырлағанмен,
Біз айтты деп әкімдер көреді ме? - деді.

Кезегі келген Асхат Садықбеков Абылай ханды былайша жырлады:

– Абылай жас кезінен зерек болып,
Он бесінде ат жалын тартып мінген.
Айбатын сұм ажалдың ескерместен,
Найзасын жау төсіне шаншып берген.
Ешқашан туын жерге түсірген жоқ
Тұрса да жау анталап әр түкпірден.
Түсіріп бейбіт өмір арнасына,
Халықтың жай-жапсарын артық білген.
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:48 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG