Accessibility links

Бегарыс пен Сырымның айтысы


Бегарыс Шойбеков. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Бегарыс Шойбеков. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Алғашқы күні айтысқан 20 ақынның арасынан іріктеліп шыққан он адам екінші күні бес жұп болды.

Айтыстың екінші күніндегі төртінші жұп - Бегарыс Шойбеков пен Сырым Әуесхан.

Айтысты бастаған Бегарыс Шойбеков ақындардың екі күнгі айтыстағы «Астананы тұрғызған – Нұрсұлтан» деген сөздеріне орай «Бір адам мұндай қала сала алмайды, Жұмыла көтерген соң жеңіл болды» деді. Ол өзін «Ақындардың киллері» деп атаған қарсыласына былай жауап берді:

– Негізі мен ешкімді өлтіргем жоқ,
Дәлелдеп айта алмайды деректі ешкім.
Бар болғаны босбелбеу ақындардың,
Үкімін басқалардан бөлек шештім.
Айтыста өлімсіреп жүргендердің,
Қиналмай «өлуіне» көмектестім.

Ал Сырым Әуесхан сол тұстағы мемлекеттік қызметкерлер сынағынан өте алмай
Сырым Әуесхан. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Сырым Әуесхан. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
қалған шенеуніктерді сынады.

– Әкімдеріңнің құлапты тең жартысы,
Сұрақтар оқтай жауып, борағасын.
Соның бәрі шымкенттік шенеуніктер,
Оңтүстік, қашан неғып оңаласың.
Құдай біледі, сол жандар құлаған-ау
Тест деген пәлеге жолағасын.

Қазылар алқасы жеңісті Бегарыс Шойбековке берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:25 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG