Accessibility links

Еркебұлан мен Мұхтардың айтысы


Еркебұлан Қайназаров. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Еркебұлан Қайназаров. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Алғашқы күні айтысқан 20 ақынның арасынан іріктеліп шыққан он адам екінші күні бес жұп болды.

Айтыстың екінші күніндегі үшінші жұп – Еркебұлан Қайназаров пен Мұхтар Ниязов қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді қазбаламауға тырысты.

Мұхтар Ниязов айтыстың алғашқы күні қазылар шешімімен екінші айналымға өтпей қалған еді. Алайда ол екінші күнгі айтыста сахнаға қайта шыққанда қарсыласы Еркебұлан Қайназаров былай деді:

– Уа, ағайын, бұл заман қандай заман,
Заман – түлкі, ал адам тазы болды,
Бүгінгі қарсылас та қажы болды.
Қажы деген қиянат жасамайды,
Бір сөзбен тоқтатады уәжің елді.
Бірі жеңіп, біреуі қалсын деген,
Ақындар ережеге разы болды.
Мұхтар Ниязов. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Мұхтар Ниязов. Астана, 8 шілде 2013 жыл.
Кеше сен өте алмай қап едің ғой,
Түрініп келіп қапсың тағы қолды.
Мұрныңнан дедектетіп сүйреп шыққан,
Мұхтар-ау, қай танысың қазы болды?

Ал Мұхтар Ниязов ол сөзге мынандай уәж айтты:

– Сахнада мына мені жолықтырдың,
Келе салып кемімді толықтырдың.
Мінімді кеп бетіме баса берме,
Мен қайбір, айналайын, оңып тұрмын.
Өлемін деп өлмей қалған адам құсап,
Өзім де ыңғайсыздау болып тұрмын.

Қазылар алқасы бұл жұптың айтысында жеңісті Мұхтар Ниязовқа берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:33 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG