Accessibility links

Жандарбек пен Айнұрдың айтысы


Жандарбек Бұлғақов, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Жандарбек Бұлғақов, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-і мен 12-сі күні «Қонаевтай ер қайда» деген атпен айтыс өтті. Айтыстың екінші күні ақырғы айналымға төрт ақын шықты. Сол ақындардың бірі Жандарбек Бұлғақов көрермендердің тартқан жеребесі бойынша Айнұр Тұрсынбаевамен айтысты.


Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов қоғамдағы кейбір келеңсіздіктерді айтып:

- Біздің Отан шынымен нұрлы болса,
Мынандай қайдан шықты қаптаған мін.
Кедендік одақ дейтін кеселі көп,
Кері кеткен одақта шешімді кім?
Сектанттарды секіртіп, секеңдетіп,
Ата дінді аяққа таптаған кім?
Келімсекті кекіртіп жерімізде,
Қандастарға «оралман» деп оттаған кім?
Шахановты сайлаудан алып тастап,
Ақиқаттың басынан аттаған кім?
Ұлтымның жан-жарасы жазылмады-ау,
Аттандап мінгенменен атқа да әркім.
Қотыры басылатын күн туар ма,
Қонаевтай қорғаны жоқ қоғамның - деді.

Айнұр Тұрсынбаева "үкіметтің айтысты шектеуіне" наразылық білдірді:

- Ал біздің арсыз үкімет,
Айтыстың өзін шектейді.
Той жасамақ түгілі торқалы,
Қорқау қасқырлар арыстанның,
Өлігінен де қорқады.

please wait

No media source currently available

0:00 0:22:16 0:00
Жүктеп алу

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
XS
SM
MD
LG