Екі ақын да Қонаев тақырыбымен шектеліп қалған жоқ, әлеуметтік-саяси мәселелерді қозғады.
Сөз бастаған Серік Қалиев қарсыласына қарата былай деді:
- Бұрын сен «Нұр Отан» деп айғайлаушы ең,
Төбедегі төрелердің төріне асып.
«Ақжолға» дауыс әбден жинапсың ғой,
Қандай сыйлық жасады Перуашев?
Ажырасқан бүгінде түлкіге ұқсап,
Жүрсің ғой ары қашып, бері қашып.
«Ақжолға» дауыс жинап мәз болдың ғой,
Сырдың елі жатқанда арып-ашып.
Мұхтар Ниязов бұл сөзге уәж ретінде:
- Компасынан айрылған компартия,
Қайтадан жарап қалды ел бастауға.
Бір бұрышқа «Ақжол» да жайғасты ғой,
Ішінде оның Азат Перуашев бар ма?
«Нұр Отан» «дедовщина» қып жүрмесін,
Парламентке енді келген «перваштарға», - деді.
Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.