Accessibility links

Мұхтар мен Жансаяның айтысы


Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Мұхтар Ниязов, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыдағы Студенттер сарайында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билерге арналып «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті.

Айтыстың екінші күні ақындардың алғашқы жұбын қызылордалық Мұхтар Ниязов пен оралдық Жансая Мусина бастап шықты. Мұхтар Ниязов Қазақстандағы телеарналардың шетелдік өнімдердің көп көрсетілетіні туралы:

– Бірақ біздің жүйеміз - бұққан жүйе,
Өзінің құндылығын табанға сап,
Басқаның қаңсығына ыққан жүйе, - дей келе, осындай жағдайда қоғамда ақындар сөзінің ескерусіз қалатынынын айтып, былай деді:

– Құлағының құрышын қандырып,
Айтыстың тыңдаушы еді нақылдарын.
Қанша ақын болсақтағы зияндаймыз,
Алаштың арын бірақ жиі алдаймыз.
Сөзімізді ешкім де тыңдамайды,
Өзімізді осылай жиі алдаймыз.

Жансая Мусина, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Жансая Мусина, айтыскер ақын. Алматы, 8 мамыр 2013 жыл.
Ал Жансая Мусина ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселесін былайша суреттеді:

– Негізі біздің қазақ малмен өскен,
Бүгінде айналып тұр бәрі аңызға.
Атамыз шопан болды деп мақтанамыз,
Әлі бар сол шопандар арамызда.
Солардың ізін жалғар жан қалмады,
Жастар жүр сарылумен қаламызда.
...Бұл күнде қасқыр келсе ұяламыз,
Төрт-бес қой болмаған соң қорамызда.

Қазылар алқасы жеңісті Мұхтар Ниязовқа берді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:01 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG