Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда студенттер сарайында Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билерге арналып «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті.
Сахнаға жетінші жұп болып шыққан астаналық ақындар - Жандарбек Бұлғақов пен Балғынбек Имашев қоғамдық мәселерді қозғады.
Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов Қазақстандағы рушылдық мәселесін Төле бидің сөзімен ұштастырып, былай жырлады:
– «Жүзге бөлінгендердің жүзі күйсін»,
Төленің осы сөзі таңдайда тұр.
Бүгінде төрде отырған көп төрелер
Бабамның сол сөзінен шалғайда тұр.
Алдына жұмыс сұрап бара қалсаң,
Туыстан басқаға көз салмай жатыр.
Руласы болмай шықсаң, жұмыс түгіл,
Аула сыпыруға алмай жатыр.
Төле биге он бесте қонған ақыл
Төрелерге әлі де қонбай жатыр.
Айтыс ақындарының өлеңді жаттап келу мәселесін айтып өткен Балғынбек Имашев Алматыны былайша суреттеді:
– О, қала,
Қонаев салған қала,
Қып-қызыл алмаң қайда?
Жап-жасыл баулар қайда?
Сыймады-ау тар маңдайға.
О, қала,
Тоналып қалған қала,
Жеп кеткен байлар қайда?
Шетелде тайраңдай ма?
Үкімет ойланбай ма?