Accessibility links

Мейірбек пен Жарқынбектің айтысы


Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мейірбек Солтанхан, айтыскер ақын. Алматы, 11 ақпан 2012 жыл.
Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда студенттер сарайында Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арналып «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті. Сахнаға алтыншы жұп болып шыққан астаналық Мейірбек Сұлтанхан мен Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Жарқынбек Наушабеков барынша қоғамдық тақырыптарды жырлауға тырысты.

Айтысты бастаған Мейірбек Сұлтанхан «Бидің сөзін айтатын билігіміз үйдің сөзін айтудан аса алмай жүр» деп аяқталатын сөзін былай жұптады:

– Хан мен халық арасын көпір қылған,
Бабаларым, жоғары бәсің маған.
Патшаны пайғамбарға теңестіріп,
Бай-манапқа жағынып бас ұрмаған.
Жұрт ішінен жұмыртқа лақтырардай,
Абыройы айрандай шашылмаған.
Кешегі Жаңаөзендегі жағдайларды
Ханынан жеті ай бойы жасырмаған.
Балалардың жырып жеп несібесін,
Аналар бүгінгідей ашынбаған.

Жарқынбек Наушабеков, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Жарқынбек Наушабеков, айтыскер ақын. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.
Жарқынбек Наушабеков қарсыласының Сарыағаш ауданындағы колледжде «Жарты жылда төрт бала оққа ұшыпты, айылдарын азғындар жия алмаған» деген сөзіне:

– ...Оқ атуды бастаған мен емеспін,
Қарасай өткеніңе жақсы ат берген.
Кешегі Алтынбек пен Заманбекті
Оқпенен қара жерге жастап берген.
Кешегі Жаңаөзенде атылған кім,
Атқан кім тұрып алып асқақ төрден?
Елімізде екі күннің бірінде атыс,
Бұл неғылған жендеттер қаптап келген.
Соларды көріп өскен жас балалар
Қару мен оқ атуды мақсат көрген.
Бір-біріңді осылай атыңдар деп,
Біреулер он жыл алдын бастап берген, – деген уәж айта келіп, сөзін «Темір торға қамалған тотықұстай, шындығың шың басында шыңғырып тұр» деп түйіндеді.
please wait

No media source currently available

0:00 0:32:24 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG