Accessibility links

Шымкентте вирус жұқтырған екінші адам осыған дейін дертке шалдыққан науқастың шешесі


Шымкентте вирус жұқтырған екінші адам - осыған дейін Covid-19 дертіне шалдыққан 24 жастағы науқастың шешесі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі хабарлады.

Шымкентте коронавирус жұқтырған бірінші адам 24 наурыз кешкісін анықталған. Ресми дерек бойынша, 24 жастағы ер адам қалаға бірнеше күн бұрын автобуспен Нұр-Сұлтаннан келген. 25 наурызда Шымкентте екінші адамнан вирус табылған еді.

Үкіметтің дерегінше, Шымкентте вирус жұқтырған адаммен бірге Нұр-Сұлтаннан бір автобуспен 51 адам келген. Олардың 35-і табылып, оқшаунланған. Қазір 16 адамды іздеп жатыр. ​Covid-19 дертіне шалдыққан адамның жақындары да карантинге жатқызылған.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы "вирус анықталған шешесі мен баласының жағдайы бір қалыпты" деп хабарлады.

Қазір Шымкенттің кіреберісіне 12 блокпост қойылды. Қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары уақытша жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ Шымкентте қоғамдық көлікке мінгенде маска кию міндеттелді. Бұл туралы Шымкент әкімдігі хабарлады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. ​Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.

Қазір Қазақстанда 80 адамнан вирус табылды: Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - екі адам, Шымкентте - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

25 наурызда Қазақстан үкіметі екі адам дертінен айыққанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG