Accessibility links

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысу үшін Бішкекке келген сәт. 6 қараша 2024 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саммитке қатысу үшін Бішкекке келген сәт. 6 қараша 2024 жыл.

6 қарашада Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталды.
Шараның тақырыбы экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік болмақ. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Түркі мемлекеттер ұйымына Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан мүше. Түркіменстан, Венгрия және мойындалмаған Солтүстік Кипр бақылаушы мәртебесіне ие.

Бұған дейін АҚШ-тағы Diplomat басылымы түркі елдерін біріктіретін ұйым аймақта ықпалды бірлестікке айналғанын жазған. Үлкен державалар бәсекеге түсіп жатқан уақытта бұл ұйым стратегиялық автономияға ұмтылып жатыр деді.

Ақпарат толықтырылады

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG