Accessibility links

Әсия мен Бегарыс


Республика сарайында өткен «Ретро айтысқа» қатысқан түркістандық ақын Бегарыс Шойбеков. Алматы, 7 маусым 2012 жыл.
Республика сарайында өткен «Ретро айтысқа» қатысқан түркістандық ақын Бегарыс Шойбеков. Алматы, 7 маусым 2012 жыл.

Маусымның 2-сі күні Республика сарайында өткен «Ретро айтыста» қостанайлық Әсия Беркеноваға түркістандық Бегарыс Шойбеков қарсылас болды.

Айтыскерлер бұған дейінгі (1999 жылы) айтыстарында сөз болған ене мен күйеу жігіт тақырыбын тілге тиек етті. Сөз бастаған Бегарыс Шойбеков:

– Күйеу мен ата-ененің айтысынан
Онсыз да біздің қоғам шаршап отыр.
...Киіктерді қынадай қырды қазір,
Күйзелтті кәріменен жас баланы.
Әсеке, cіз атақты ақынсыз ғой,
Атағы бар адамда сес болады.
Жұрттың қамын айтсаңыз жоғарыға,
Сонда көптің көңілі қош болады.
Елік құсап қынадай қыра берсе,
Халықта қайдан ғана ес болады.
Елігіңді қырғанда қимылдап қал,
Еліңді қырғанда кеш болады, - деді.

Бегарыс Шойбековтің бұл сөзіне орай Әсия Беркенова:

– Ресейге жалға берген Байқоңырдан
Қазаққа пайдасынан зияны көп...
Аяулы ақбөкендер айдаладан,
Не өліп, не Ресейге кетіп жатыр, - деп жауап қатты.



Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:34:14 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG