Accessibility links

Жандарбек пен Төреғалидың айтысы


Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Республика сарайында өткен «Ретро айтыста». Алматы, 2 маусым 2012 жыл.
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Республика сарайында өткен «Ретро айтыста». Алматы, 2 маусым 2012 жыл.

Маусымның 2-сі күні Республика сарайында өткен «Ретро айтысқа» жас ақындар да шақырылды. Әкелі-балалы Бұлғақовтардың кішісі Жандарбек сахнада Төреғали Төрәлімен сөз қағыстырған еді.


Сөз бастаған Жандарбек Бұлғақов қазыларсыз айтысудың «жақсылығын» жырлап:

– Қазыларсыз айтысқан қандай рақат,
Қорықпайсың ешкімге шүйілуден.
Қазылар бар кезде де қиын еді,
Түртпектеп отыратын бүйіріңнен.
Бүйрегі тартқан жанға бұрып кетсе,
Арыла алмай қайтасың күйігіңнен.
Ырду-дырду рушылдық тағы да бар
Құлататын құзар шың биігіңнен.
Кей қазы өлең емес, бәле іздейді
Отырысың, иә болмаса киіміңнен.
Бар адамның көңілін табу қиын
Аспан тіреп тұрсаң да иығыңмен.
Айтыста әділ қазы табудан да
Ине іздеп тапқан оңай иірімнен, - деді.

Төреғали Төрәлі қарсыласының сөзін былай жалғастырды:

– Қазылармен өтетін көп айтыстың
Әділеті қалатын жабық қана.
Әрбіреуі өз жерлесін бұрып-тартып,
Отыратын шын жүйрікті шалып қана.
Жюри жоқ - жүйріктер қамықпайды
Керісінше, шабады шабыттана.
Хан да емес, қазы да емес ақындардың
Шын бағасын беретін - халық қана.



Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:26:19 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG