Қос ақын бір-бірін жеңіл сөзбен қағыта отырып, көбінесе тоқал тақырыбын сөз етті.
– Су жаңа тоқал апсың, құтты болсың,
Тамаша іс бастапсың талаптанып.
...Тоз-тоз боп жүруші едің, толып қапсың,
Тоқалмен тоғыз көрпе қабаттанып.
Өзіңе өзің сеніп кеп тұрмысың,
Тойдағы күшіңізге ғажаптанып.
Бәйбішең отырғызған батерейкаң
Тоқалыңның тоғымен зарядтанып, – деп әзілдеді Айтақын Бұлғақов.
Шорабек Айдаров қарсыласының бұл сөзіне орай:
– Қазақтың әншейінде бәрі батыр,
Аса алмай бір әйелден әлі жатыр.
Өзіне қимайтұғын сол қызығың
Шетелде келін болып қалып жатыр.
Өзіміз тоқал алсақ, несі жаман,
Ақыры қытай келіп алып жатыр, - деді.
Әзіл сөзге келгенде Айтақын Бұлғақов та қарап қалмады:
– Аузыңа бәйбішеңді бір алмайсың,
Бөлек пе тоқалыңның дәмі мүлде?
Сені ұшпаққа шығарған бәйбішең ғой,
Жұлдызыңды жандырған ауыр күнде.
Төрт тоқалға бермеймін бәйбішемді,
Соныменен оранған тәнім гүлге, – деп, айтысқа келген көрерменді күлдірді.
Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан да тыңдай аласыздар.