Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:46 30.3.2020

Біртанов: Сегіз науқастың халі ауыр

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан 282 адамның сегізі ауыр халде, олардың төртеуі жасанды аппаратпен демалып жатыр. 30 науқастың халі орташа, 244 адамның жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы 30 наурыздағы брифингте денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министрдің сөзінше, емделіп жатқандардың арасында 14 жасқа дейінгі екі бала бар

Министрдің дерегінше, Қазақстанда вирус жұқтырған 302 адамның 79-ы – шетелден келгендер. 97 науқас вирус жұқтырғандармен байланыста болған. Ал қалған жүзден астам адамның жұқтыру себебі белгісіз.

19:00 30.3.2020

Біртанов “Қазақстанда үш мыңнан аса адамға вирус жұғады” деп болжайды

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 30 наурызда өткен брифингте “есебімізше наурыз, сәуір, мамыр айларында үш жарым мыңдай адамға вирус жұғады деп болжап отырмыз” деді.

“Бұл - болжам ғана. Мұндай болжамның маңызы зор. Яғни, осындай болжам арқылы қосымша төсек орын дайындаймыз. Дәрігер тапшылығы болмайды деп ойлаймын. Жалпы Қазақстанда жетпіс мыңдай дәрігер бар” деді Біртанов.

Министр Қазақстанда вирустың тарауы сәуір ойында шегіне жетіп, кейін азая бастайды деп болжайды.

Қазақстанда 13-30 наурыз арасында 302 адамнан вирус табылды. Қазақстанда барлығы 21 адам (Нұр-Сұлтан - 14, Алматы - 7) аурудан жазылған. Дерттен айыққандар арасында 12 жасар қыз бала бар. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, сегіз адамның халі ауыр.

26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

20:22 30.3.2020

Батыс Қазақстан облысында 31 наурыздан бастап карантин

31 наурыздан бастап Орал қаласының кіреберісіне блокпостар қойылады. Қалада жұрт жұмысқа, азық-түлік пен дәрі алуға ғана шыға алады. Жұмысқа баратындардың қолында жұмыс орнынан анықтама болуы тиіс. Бұдан бөлек, тұрғындар үйінің маңынан ұзағанда екі шақырым жерде орналасқан дүкен я дәріханаға бара алады. Қаладағы басқа қызмет көрсету орындары жабылады. Бұл туралы қала әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.

Қазір БҚО-да екі адамнан коронавирус табылған.

21:53 30.3.2020

"3-4 мың теңге ұстатады да..." Таксистер Алматыға адам тасып жүргенін айтады

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары коронавирус індетіне байланысты карантинге жабылғанымен, қалалар арасында адам таситын кейбір такси жүргізушілері жұмысын тоқтатпаған. Олар азаматтардың жабық қалалардан "күнде шығып жүргенін", қалалардан шығудың түрлі амалы бар екенін айтады. Алматы полициясы мен ішкі істер министрлігі "қарапайым азаматтарға блокпостардан өтуге болады" деген хабарды жоққа шығарды. Карантинді бұзғандар әкімшілік не қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін.

"3-4 мың теңге ұстатады да..." Таксистер Алматыдан адам тасып жүргенін айтады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG