Accessibility links

Біртанов "Қазақстанда үш мыңнан аса адамға вирус жұғады" деп болжайды


Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 30 наурызда өткен брифингте “есебімізше наурыз, сәуір, мамыр айларында үш жарым мыңдай адамға вирус жұғады деп болжап отырмыз” деді.

“Бұл - болжам ғана. Мұндай болжамның маңызы зор. Яғни, осындай болжам арқылы қосымша төсек орын дайындаймыз. Дәрігер тапшылығы болмайды деп ойлаймын. Жалпы Қазақстанда жетпіс мыңдай дәрігер бар” деді Біртанов.

Министр Қазақстанда вирустың тарауы сәуір ойында шегіне жетіп, кейін азая бастайды деп болжайды. Біртановтың сөзінше, қазір Қазақстанда коронавирусты анықтайтын 300 мың сынама жасайтын тест бар, тағы 300 мың сынама тест сатып алмақ.

Қазақстанда 13-30 наурыз арасында 302 адамнан вирус табылды. Қазақстанда барлығы 21 адам (Нұр-Сұлтан - 14, Алматы - 7) аурудан жазылған. Дерттен айыққандар арасында 12 жасар қыз бала бар. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, сегіз адамның халі ауыр.

26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG