Accessibility links

Біртанов: Covid-19 дертіне шалдыққан сегіз адамның халі ауыр


Алматыдағы ауланы дезинфекциялап жүрген адам. 27 наурыз 2020 жыл.
Алматыдағы ауланы дезинфекциялап жүрген адам. 27 наурыз 2020 жыл.

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, ауруханада жатқан 282 адамның сегізі ауыр халде, олардың төртеуі жасанды аппаратпен демалып жатыр. 30 науқастың халі орташа, 244 адамның жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы 30 наурыздағы брифингте денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

Министрдің сөзінше, емделіп жатқандардың арасында 14 жасқа дейінгі екі бала бар

Министрдің дерегінше, Қазақстанда вирус жұқтырған 302 адамның 79-ы – шетелден келгендер. 97 науқас вирус жұқтырғандармен байланыста болған. Ал қалған жүзден астам адамның жұқтыру себебі белгісіз.

Қазақстанда барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. Дерттен айыққандар арасында 12 жасар қыз бала бар. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Елде бірнеше қала мен облыста карантин жарияланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG