Accessibility links

Лондонда Covid-тің жаңа штамына байланысты 4-деңгейлі локдаун енгізілді


Ұлыбритания премьер-министір Борис Джонсон Лондон ауруханасында. 8 желтоқсан 2020 жыл.
Ұлыбритания премьер-министір Борис Джонсон Лондон ауруханасында. 8 желтоқсан 2020 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сенбі, 19 желтоқсан күнгі баспасөз мәслихатында Covid-тің жаңа штамына (оның аты – VUI-202012/01) байланысты Лондонда және Англияның оңтүстік-шығысында жексенбіден бастап төртінші деңгейлі локдаун енгізілетінін мәлімдеді. Джонсонның сөзінше, жаңа штамм қазіргісінен де қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы британиялық BBC хабарлады.

Алайда премьер-министрдің пандемиямен күрес жөніндегі кеңесшілері Covid өлімінің артуына не вакцинациялау процесінің өзгеруіне әкелетін ешқандай көрсеткіш жоқ дейді.

Осыған дейін Ұлыбритания заңында карантин шектеулерінің тек үш деңгейі ғана қарастырылған. Осы күнге дейін ел локдаунның үшінші деңгейінде болған. Оның өзі «аса жоғары эпидемиялық қауіп төнгенде» енгізіледі.

Мұның алдында ел билігі Рождество мерекесіне қарай карантин шектеулерін жеңілдететінін хабарлаған. Бірақ жаңа ахуал үкіметтің бұл шешімді қайта қарауына әкелді. Төртінші деңгейлі локдаун аясында адамдарды үйден шықпауға шақырып, дүкендер жабылып жатыр. Тек шаштараз және спорт клубтары секілді аса қажет қызмет орталықтары жұмыс істейді.

Әртүрлі үйдің адамдары тек көшеде және бірге-бір сөйлесе алады.

  • Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, коронавируспен тіркелген науқастар саны әлем бойынша 76,2 миллион адамға жеткен. Оның ішінде аурудан емделіп жатқаны 33 миллион адамнан асады, 43 миллионнан астам адам жазылып шыққан.
  • Індет басталғалы коронавирустан ресми түрде 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болды

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG