Шымкентте коронавирус жұқтырған адам қалаға 20 наурызда Нұр-Сұлтаннан келген. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Басқарманың дерегінше, науқас ауруханада жатыр. Ал онымен байланыста болған барлық адам оқшауланған.
24 наурызда Шымкент қаласында бір адам Covid-19 дертіне шалдыққаны белгілі болған. Бұл - Шымкентте тіркелген алғашқы вирус жұқтыру фактісі.
"Коронавирус бойынша жағдай бақылауда. Вирус әріқарай таралмайды деп үміттенеміз" деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов шұғыл онлайн брифингте.
Сондай-ақ, сейсенбіде СҚО мен Жамбыл облысында да бірінші рет коронавирус табылған.
Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 72 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 36 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында бір адамнан вирус табылды.
Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.
ПІКІРЛЕР