Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкентте республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл айтыс биылғы жылы Төле бидің 350 және Абылай ханның 300 жылдықтарына арналды.
Алғашқы күннің соңына қарай павлодарлық айтыскер Аспанбек Шұғатаев Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Анар Жапарқұлова сахнаға шықты.
Бірінші болып сөз бастаған Аспанбек Шұғатаев сөз арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мадақ айтты:
– Елбасын жамандауға бәрі шебер,
Қағанның қасиетін құл білер ме.
Өз басым президентке ризамын,
Мін тағуға болмайды білгір ерге.
Басқа біреу басқарса не өзгерер,
Қайран өмір қаратпас кімді жерге.
Ей, Алла, ханға - иман, елге ақыл бер
Толарсақтан саз кешер түнді берме,
«Қайран Назарбаевым, қайдасың!» деп,
Қазаққа қан жылайтын күнді берме.
Ақын Анар Жапарқұлова бүгінгі соттар мен прокурорларды Төле бимен салыстыра жырлады:
– Заманында Төленің,
Береке-бірлік сақталған.
«Жеті жарғыға» сүйеніп,
Халықтың сөзі жақталған.
Сыбайласқан жемқорлық,
Ол кездері жоқ болған.
Билердің өзі дау менен
Жанжалды шешіп атқарған.
Біздегі қазір кей соттар,
Аспайды-ау мақтан, мақпалдан.
Ақшасы жоқтар «айыпты»,
Ақшасы барлар – ақталған.
Прокурорлар үлгі алсын
Төле бидей мықты атпалдан!
Бірінші болып сөз бастаған Аспанбек Шұғатаев сөз арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мадақ айтты:
– Елбасын жамандауға бәрі шебер,
Қағанның қасиетін құл білер ме.
Өз басым президентке ризамын,
Мін тағуға болмайды білгір ерге.
Басқа біреу басқарса не өзгерер,
Қайран өмір қаратпас кімді жерге.
Ей, Алла, ханға - иман, елге ақыл бер
Толарсақтан саз кешер түнді берме,
«Қайран Назарбаевым, қайдасың!» деп,
Қазаққа қан жылайтын күнді берме.
– Заманында Төленің,
Береке-бірлік сақталған.
«Жеті жарғыға» сүйеніп,
Халықтың сөзі жақталған.
Сыбайласқан жемқорлық,
Ол кездері жоқ болған.
Билердің өзі дау менен
Жанжалды шешіп атқарған.
Біздегі қазір кей соттар,
Аспайды-ау мақтан, мақпалдан.
Ақшасы жоқтар «айыпты»,
Ақшасы барлар – ақталған.
Прокурорлар үлгі алсын
Төле бидей мықты атпалдан!
Your browser doesn’t support HTML5