Маусымның 2-cінде Республика сарайында өткен ретро-айтыстың алғашқы күні сахнаға Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Әселхан Қалыбекова мен Алматы облысының айтыскері Есенқұл Жақыпбек шықты.
Әселхан Қалыбекова сөз арасында Есенқұл Жақыпбекті «Атағы жоқ ақынсың» деп қағытқан еді. Есенқұл ақын бұған:
– Өзің айтшы, Әселхан,
Мына біздің қазаққа
Қандай пайда келтірді
Қара қытай сияқты
Атақтылардың көптігі? - дей келіп сөзін,
– Жақсылар «жақсымын» деп айта алмайды,
Жамандар «жақсымын» деп айқайлайды.
Жүрген соң күнде-күнде көзің көріп,
Таулардың биіктігі байқалмайды.
Біздің елде жақсысын өзі өлтіріп,
Соңынан ел-жұрт болып той-тойлайды, - деп түйіндеді.
Әселхан Қалыбекова жемқорлық жайлы айтып:
– Директор болу кімге ұнамайды?
Ақшасыз ол орынға тұра алмайды.
Қалтасын бастықтардың толтырсаңыз,
Ақыры біліміңді сұрамайды.
Содан соң оқу жайы қайдан оңсын,
Есекке телігендей құралайды.
Бақ құсы ақшасы бар басқа қонады,
Демейсің бұл қоғамда басқа болады,
Қайтадан комиссия ақша жинап,
Аттестат даудың соңы ақша болады.
Шығарған депутаттар қаулы мен заң
Бос сөзге қосатұғын қоспа болады, - деп білім саласындағы жемқорлық пен орындалмайтын заңдарды сынады.
Әселхан мен Есенқұлдың айтысының бірінші бөлімі:
http://www.youtube.com/embed/eosh0DtEkv4
Әселхан мен Есенқұлдың айтысының екінші бөлімі:
http://www.youtube.com/embed/aFBBYk4dryA
Your browser doesn’t support HTML5