Желтоқсанның 9-ы күні «Біздің ел осындай» деген атпен Астанада өткен айтыста Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамысова сөз сайыстырды.
Жандарбек Бұлғақов пен Сара Тоқтамысова тақырыпты «Қазақстан – жемқорлық жайлаған ел» тұрғысынан жырлады. Айтысты бастаған Жандарбек Бұлғақов ауруханалардағы ақша мәселесін тілге тиек етті.
– Перзентханаға барғанда өз әйелім,
Көп былықты көзіммен тағы көрдім.
Жемқорлық ол жерді де жайлап апты,
Ақшасы тәуір екен тәуір емнің.
«Әдемі тусын десең ақша ту» деп,
Көкесін көрсетті олар әбігердің.
Бағасын шарықтатып саудалап тұр,
Халыққа тегін берілер дәрілердің.
Осыларды ескермей біздің билік,
«Өсіру керек» дейді санын елдің.
«Қазақтың саны өссін» деп қақсай бермей,
Санасын өсіру керек дәрігердің, - дей келе жырын:
– Мемлекет жемқорлықты жоймаса егер,
Жемқорлық мемлекетті жойып тынар, – деп өлеңмен өрнектеді.
Қарсыласының сөзін әрі жалғастырған Сара Тоқтамысова:
– «Гиппократ» деген шалға емес,
Алла атымен ант беріп,
Алдына келген ауруға,
Аманатындай қарасын, – деп .
Сара Тоқтамысова әзілмен астарлап айтқан шумақтарымен қарттарды да жырға қосты:
– Қазақтың кемпір-шалдары-ай,
Ендігі қалған өмірін,
Қара басына арнамай,
Немере-шөберелердің,
Кем-кетігіне жамалдың.
«Бақыты үшін» деп баламның,
Келінге келін боп отырған,
Қариялары-ай заманның.
... «Жылы суға қол малып»,
Деген осы, - дей жүріп,
Жаялық жуып, баламен,
Бала боп үйге қамалдың.