Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

20:44 24.3.2020

Шымкентте бір адамнан вирус табылды

24 наурыз сағат 21:35-те Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 69 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам, Шымкентте бір адам емделіп жатыр.

Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың 80 пайызында симптом жоқ я сәл ғана қызуы көтерілген. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған.

Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан.

21:48 24.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан вирус табылды. Қалада 36 адамға вирус жұқты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 24 наурызда 22.30-да Нұр-Сұлтанда тағы бар адамнан вирус табылғанын хабарлады.

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 70 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 36 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам, Шымкентте бір адам емделіп жатыр.

Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан.

22:27 24.3.2020

СҚО мен Жамбыл облысынан да коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 24 наурызда 23.30-да Солтүстік Қазақстан облысында бар адамнан, Жамбыл облысында бір адамнан вирус табылғанын хабарлады.

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 72 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 36 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында бір адам, Шымкентте бір адам, СҚО - бір адам, Жамбыл облысында бір адамнан вирус табылды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан.

23:56 24.3.2020

Шымкенттегі Covid-19 дертіне шалдыққан адам Нұр-Сұлтаннан келген

Шымкентте коронавирус жұқтырған адам қалаға 20 наурызда Нұр-Сұлтаннан келген. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Басқарманың дерегінше, науқас ауруханада жатыр. Ал онымен байланыста болған барлық адам оқшауланған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. ​Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.

24 наурызда Шымкент қаласында бір адам Covid-19 дертіне шалдыққаны белгілі болған. Бұл - Шымкентте тіркелген алғашқы вирус жұқтыру фактісі.

"Коронавирус бойынша жағдай бақылауда. Вирус әріқарай таралмайды деп үміттенеміз" деді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Темірхан Варзилов шұғыл онлайн брифингте.

Сондай-ақ, сейсенбіде СҚО мен Жамбыл облысында да бірінші рет коронавирус табылған.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. ​Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.​

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 72 адам коронавирус жұқтырған. Бұған дейін Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 36 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында бір адамнан вирус табылды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG