Accessibility links

Германияда вирус жұқтырған қазақстандық ауруханадан шықты


Германияда вирус жұқтырған Қазақстан азаматының жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан. Қазір ол карантинде, неміс дәрігерлерінің бақылауында. Ал Венгрияда вирус жұқтырған қазақстандықтың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы 24 наурызда Қазақстан ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев брифингте хабарлады.

Бұдан бөлек, Абаев Қазақстанда дертке шалдыққан 68 адамның 29-ы вирусты шетелден жұқтырып келгенін, 26 адам ұшақта, 13 адам Қазақстанда жұқтырғанын айтты.

Министрдің сөзінше, Қазақстанда вирус табылған адамдардың 80 пайызында симптом жоқ не сәл қызуы көтерілген.

Қазір Covid-19 дертімен Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG