Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

00:41 25.3.2020

Әлемде вирус жұқтырғандар 400 мыңнан асты

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар 409 мыңнан асты. 18246 адам қаза болды. 106593 адам дерттен айықты.

Вирус жұқтырғандар 6 наурызда 100 мыңнан, 21 наурызда 300 мыңнан, 24 наурызда 400 мыңнан асты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 23 наурызда вирус өте жылдам таралып бара жатқанын айтып дабыл қаққан.

Вирус табылғандар саны бойынша бес ел:

  • Қытайда 81591 адамға вирус жұққан (70 мыңдайы дерттен айықты)
  • Италия – 69,176 адам
  • АҚШ – 49,768 адам
  • Испания – 39,676 адам
  • Германия – 31,991 адам

24 наурызда Италия билігі кейінгі бір күнде 743 адам қаза болғанын мәлімдеді. Бұл елде барлығы 6820 адам опат болды. Бірақ Италияда үшінші күн қатарына вирус жұқтырғандар сәл-сәл азайып келе жатқаны байқалады.

09:05 25.3.2020

Ресми орындар вирус жұққан соңғы төрт науқас туралы айтты

24 наурыз түнде Қазақстанда коронавирус жұққан тағы төрт азамат анықталған еді.

Сoronavirus2020.kz сайтының жазуынша, олардың бірі, 1996 жылғы Шымкент тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Шымкенттегі инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Жағдайы тұрақты.

"Науқаспен байланыста болған адамдардың бәрі анықталды. Қазір оқшауланып жатыр. Коронавирус инфекциясы таралмауы үшін Шымкентте шұғыл штаб мүшелері барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолданып жатыр" делінген сайтта.

Вирус жұққан 1938 жылғы екінші азамат қазір Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр.

Үшінші науқас - 1979 жылғы азамат Жамбыл облысына Қырғызстаннан келген. Стационарға жатқызылған.

Төртінші науқас - 1993 жылғы Ресей азаматы Солтүстік Қазақстан облысына келген. Қазір стационарда жатыр.

09:08 25.3.2020

Жаһан ғалымдары COVID-19 емін іздеп жатыр

Жер бетіне жылдам тарап, өршіп бара жатқан COVID-19 коронавирусына қарсы жер жаһанның ғалымдары вакцина іздеп жатыр. Індет тарағалы бері бірнеше елдің зерттеушілері «көп өтпей емі табылады» дегендей үміттендіріп, мәлімдеме жасап үлгерді. Бірақ ешкім де бір апта немесе бір ай деген жоқ. «Кемі алты-жеті ай, әйтпесе екі-үш керек» деседі.​

Жаһан ғалымдары COVID-19 емін іздеп жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:43 0:00

09:10 25.3.2020

Қазақстанда тағы жеті адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 25 наурыз таңертең тағы жеті адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Нұр-Сұлтанда - бес адам, Алматыда - екі адамға вирус жұққаны анықталған.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда - 31 адам, Нұр-Сұлтанда - 41 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам, Шымкентте - бір адам, Жамбыл облысында - бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG