– Ресми билік жұмыссыздық аса көп емес дегенімен ол бүкіл республикада етек алып отырған проблема. Одан біздің облысымыз да кенде емес. Осыған байланысты жоспарларымыз да жоқ емес. Алдымен шаруаны әкімшілікпен мәміледен бастамақпыз, - деді «Шаңырақ» филиалының төрағасы Мәжит Ғизатов.
Ғизатов әкімшілікті жергілікті жұмыссыздарды жарылқаудың орнына гастарбайтерлерді жалдап, тығырықтан шығудың оңай жолын әрі пайда табуды көздеп отыр деп жазғырады. Ол сөзіне дәлел ретінде облыстағы «Арнайыавтобаза» мекемесіндегі көзі көрген жағдайды айтты.
– Онда жолаушылар тасымалдайтын автобустардың жүргізушілерінен бастап, кондуктор, көше сыпырушының жұмысына дейін қарақалпақ, өзбек, тәжік еңбек мигранттары атқарады. Бұлардың кім екендігін, құжаттары бар-жоғын полиция тексермейді. Жүргізушілерге 25 мың теңге және үндемей жүргені үшін тағы 5 мың теңге төленеді екен. Билет тексерушілер 20 мың жалақы алады. Олар тұрып жатқан жерлері адам төзгісіз болғанына қарамастан осыған дән риза. Оларға үй, балабақша, зейнетақы төлемі керек емес. Менің көргенімнің ұзын саны 100 адамнан асып жығылады. Ал бізде қазір көптеген атыраулықтар жұмыс таба алмай қаңғырып жүр, - деді ол.
«Шаңырақ» ұйымы жергілікті тұрғындармен кездесулер жасап, оларды қайта мамандануға көндірген дұрыс деп отыр. Әрі жергілікті әлеуметтік жағдайы нашар халықтың санын көбейтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Атырауға ағылып жатқандар да жетерлік. Діттегендері алдымен Теңіз бен Қарабатандағы екі алып зауыттар құрылысына орналасу болғанымен, тиісті мамандықтары жоқ. Осы бағытта арнайы курстар ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда. Әкімшілікпен келіссөздер жүргізіліп, ЕуроОдақ берген гранттың көмегімен бұл проблемаларды шешеміз деп үміттеніп отыр бірлестік мүшелері.
Ал жұмыссыздықтың төркіні ауыл жағдайының нашарлауынан деп санайды «Шаңырақ» белсенділері. Ауылдық жерлерде жұмыс, қаражат тапшылығы өз алдына, жұмыс істеуге лайықты жағдай да жоқ. Ал қалаларда баспана мен жер секілді өткір мәселелерге дағдарыс кезінде қайтадан өршіген жұмыссыздық проблемасы қосылып отыр.
1990-шы жылдардан бастап ақша мен табысты қаладан іздеп жұмыс үшін сабылған елдің басым көпшілігі Алматыда, Астанада және Атырауда шоғырланған. Алайда, осы қалаларға күнкөріс іздеп аймақтардан қоныс адарып барғандардың басым көпшілігі кезіккен әлеуметтік проблемалардың әлі күнге толық шешілмеуі жағдайдың кез-келген сәтте күрт ушығып, ырықтан шығып кетуі мүмкін екендігін 2006 жылы Алматыдағы Шаңырақ елдімекенінде болған оқиға көрсетті. Онда әлеуметтік жағдайы нашар халық пен биліктің арасында болған қақтығыс салдарынан кісі өліп, бірнеше адам сот үкімімен ұзақ жылдарға бас бостандықтарынан айырылғаны мәлім.
Осы тәріздес әлеуметтік дүмпулер былтыр Атырау аймағында да болған еді: қараша-желтоқсан айларында Қарабатандағы жұмысшылар ереуілі, Атыраудың Жилгородок шағын ауданындағы жасыл желекті сақтап қалуға тырысқан тұрғындардың экологиялық наразылығы, т.б.
Жилгородок демекші, жасыл желекті ауданды құртып жатқан әкімшіліктің заңсыз әрекеті жайлы хабарламақ болып М.Ғизатов Ескерткіштер мен мәдени мұраларды қорғау комитетіне де барған екен. Алайда комитет төрағасы оған: «Біз қазір ештеңе жасай алмаймыз, алдымен көпір салынып бітсін» деген жауап беріпті. Бұл ескерткіш атаулы түгел бұзылып, ағаштар әбден жойылғанда барып қимылдаймыз деген сөз емес пе деп назаланады қоғамдық ұйым өкілдері.
«Шаңырақ» филиалы басшысы сондай-ақ осы мәселелерге орай облыс әкімшілігіндегі ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаевамен де сөйлескенін айтады. Шенеунік әкімшілікте «әлеуметтік қарсылықтарды басу жөніндегі комиссия құрылғанын» хабарлаған көрінеді. Ал бұл комиссияның немен айналысатыны әзірге түсініксіз.
М.Ғизатовтың айтуынша, Алматыда өткен жиында «Шаңырақ» республикалық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов қолға алған жобаны іске асыруда «Нұр Отан» саяси партиясымен бірге жұмыс жасауға шақырған. Атырау филиалының басшысы мұндай ұсыныс өзінің көңілінен шықпайтындығын бүкпесіз айтты.
– Шынымды айтсам, бұл менің жеке позицияма сай емес. Мен оны жасырғаным жоқ. Ал біздің басшылар мұны әкімшілікпен келісуге ыңғайлы деп түсіндіреді, - дейді Мәжит Ғизатов.