Accessibility links

Жақсылық Досқалиевке қатысты алғашқы сот отырысы өтті


Бұрынғы министр Жақсылық Досқалиев сот залында. Астана, 19 мамыр 2011 жыл.
Бұрынғы министр Жақсылық Досқалиев сот залында. Астана, 19 мамыр 2011 жыл.

79 томнан тұратын қылмыстық іс бірнеше айға созылуы мүмкін. Өйткені бұл істе тек куәгерлердің өзі – 250 адам.


Бейсенбі, мамырдың 19-ы күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында бұрынғы министр Досқалиевқа қатысты процесс басталды. Сотқа судья Мейрам Жанғұттинов төрелік етіп отыр.

Таңертең басталған сот жәбірленуші тараптың өкілі ретінде денсаулық сақтау министрлігі өкілінің келмей қалуы себебінен кейінге шегерілді. Алайда түскі сағат үште басталған сот процесінің алғашқы екі сағаты сот бойыншы шешім шығаратын алқа билерді анықтаумен өтті. 12 адам іріктеліп алып, сот процессі басталды.

Бейсенбідегі алғашы сотта екі куәгер шақыртылып, жауап алынды. Жақсылық Досқалиев прокурор айтқан айыптардың ешбірін мойындамайтындығын мәлімдеді.
Мейрам Жанғұттинов, Досқалиевке қарсы істі жүргізіп отырған судья. Астана, 19 мамыр 2011 жыл

Сотталушылар қатарында Досқалиевтен бірге Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Болат Садықов, «MDS Company» ЖШС директоры Төлеген Тайғамбетов те бар. Сотта экс-министрді үш адвокат – Серік Біләлов, Ардақ Балтықов және Күләш Әлімбаева қорғайды.

Қаржы полициясы 2010 жылдың қыркүйегінде Жақсылық Досқалиевтің үстінен «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғаған. Кейіннен оған жемқорлыққа қатысты тағы бір айып тақты.

55 жастағы медицина ғылымының докторы, профессор Жақсылық Досқалиев денсаулық сақтау министрі қызметіне екі рет тағайындалған.
XS
SM
MD
LG