Бүгін Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, биыл 121 мың 92 түлек мектеп бітіреді, олардың 86 мың 991-і (яғни 72 пайызы) ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. ҰБТ ел бойынша 165 пункте өткізіліп, маусымның 10-ында аяқталады.