Қыздығой Ажарқұлова бостандыққа шықты
Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты 29 шілдеде «Баспанамызды қорғайық» қоғамдық ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұловаға алаяқтық айыбы бойынша 3 жылға бас еркіндігінен шартты түрде айыру жазасын тағайындады. Сегіз айға жуық қамауда болған Ажарқұлова сот залынан бостандыққа шықты. Ол өзіне тағылған айыпты әділетсіз деп санайтынын мәлімдеді.