Желіде АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Дональд Трампқа сенімсіздік білдіріп, импичмент жариялағанын талқылады.
Желіде Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың қызметінен босатылғанын талқылап жатыр.
Желіде бала-бақшадағы балалар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы сахналық көрініс қойғанын талқылады.
Шымкенттің шеткері жағындағы ықшамаудан тұрғындары қоғамдық көліктердің аздығына шағынады. Автобусқа сыймаған жұрт такси жалдауға мәжбүр. Кешқұрым мектептен шыққан балалар да көлікке сыймай қалады. Тұрғындар бұл көкейкесті мәселені шешуді сұрап жергілікті билікке өтініш білдіруден шаршағанын айтады.
Желіде "Астана футбол" клубының Еуропа лигасының аясында ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасын 2:1 есебімен жеңгенін талқылап жатыр.
28 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев парамен ұсталған қызметкерлердің басшыларын да жауапқа тартатын заңға қол қойды. Желіде осы өзгерісті талқылады.
Алматы облысында жергілікті билік Ащыбұлақ ауылы тұрғынынан берілген атаулы әлеуметтік көмекті қайтаруын талап етті. Әкімдіктің "жеткілікті табысың бар" деген уәжімен тұрғын келіспейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі "ақшаны қайтаруға мәжбүрлемеу" туралы тапсырма бергенін айтады.
Алматы қалалық мәслихаты орталықтан бес шақырым жердегі Махатма Ганди атындағы паркті митингілер өтетін екінші орын ретінде ұсынды.
Алматы облысы Бәйтерек ауылында тұратын 32 жастағы Элеонора Гафарова, күйеуі және алты баласымен бұрынғы дүкеннің ішінде тұрады.
Желіде Жетіқара қаласында банк қызметкері 87 млн теңге ұрлап, ұрлаған ақшаның 30 млн теңгесіне туысқандарының кредитін жапқан оқиғаны талқылады.
Шымкентте бүгін елуге жуық автобус жүргізушісі жалақы талап етіп, жұмысқа шықпай қойды. Кондукторлар да айлықтың аз екенін айтады. Ал автопарк басшылығы “автобустардың шығыны көп, бірақ әкімдік айтқан соң жұмысқа шығып жүрміз” дейді.
Желіде әнші Димаш Құдайбергеннің Жапония телеарнасына сұхбат бергенін талқылап жатыр.
Желіде азық-түлік бағасы қымбаттағаны үшін үш вице-министрге сөгіс жарияланғанын талқылады.
Желіде үкімет салықтан жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау үшін қазақстандықтардың онлайн ақша аударымдарын тексереді деген ақпаратты талқылады.
Желіде Қазақстан үкіметі соттасып жүрген Анатоль Статимен келісімге келіп, оған 500 млн доллар қайтаруы мүмкін деген сөзді талқылады.
Әлеуметтік желі қолданушылар Солтүстік Бозащы кенішіндегі мұнайшылар наразылығын талқылап жатыр.
Желіде қолданушылар бюджеттен 407 млрд теңгені "мемлекеттік тапсырысты" орындатуға жұмсайды деген ақпаратты талқылады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше тұрғыны кредитті кешірілетіндер тізіміне ілінгенімен банктен алған несиесі әлі жабылмағанын айтады. Әлеуметтік қорғау мекемесі мамандары тұрғындар деректері енгізілген базада қателіктер болғанын алға тартады.
26 қазанда Қазақстанның бірнеше қаласында полиция ондаған азаматты ұстады. Полиция ұстап әкеткен азаматтар «Қытай экспансиясына қарсымыз», «Саяси тұтқындарға бостандық» деп айқайлады.
Әлеуметтік желіде "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясының мемлекеттік тапсырысқа 1,9 млрд теңге жұмсағанын талқылап жатыр.
Тағы