Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентіне төрт жыл бұрын газ тартылса да оған тұрғындардың кейбірі әлі қол жеткізе алмаған.
Желіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер мен әкімдерді экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен келісіп тағайындайды деген жарлыққа қол қойғанын талқылап жатыр.
Желіде "Мен ояндым" акциясын бастаған актер Әнуар Нұрпейісовтың шетелге кеткенін талқылап жатыр.
Алматы мен Нұр-Сұлтан соттары Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының жұмысына қолдау көрсетті" деп айыпталған белсенділер 53 жастағы Еркін Қазиев пен 60 жастағы Серік Жахиннің бостандықтарын бір жылға шектеуге үкім етті.
Желіде Қытайдан қашып келіп, Қазақстаннан босқын мәртебесін беруді сұраған екі Шыңжаң қазағын шекара қызметі ұстап әкеткенін талқылады.
Алматыдағы "Атажұрт еріктілері" қоғамдық ұйымы кеңсесіне келген бірнеше адам жақындарының Қытайдың Шыңжаң аймағындағы "саяси лагерьде" отырғанын айтып, көмек сұрады. Бірнеше күн бұрын Қазақстан сыртқы істер министрі "Қытайдағы лагерьде қазақтар жоқ" деп мәлімдеген.
Желіде Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың докторлық диссертациясы халықаралық антиплагиат бағдарламасынан өтпей қалғанын талқылады.
8 қазанда Алматыда сот орындаушылары банктен қарыз алып, қайтара алмаған тұрғындарды баспанасынан шығармақ болды. Бірақ он шақты адам бұған қарсылық білдіріп, отбасы көп балалы екенін айтып, сот орындаушылардың жолына бөгет болды.
Үкімет көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төлеуді ұсынды. Экономист Мақсат Халық Үкімет ұсынған жәрдемақының жаңа түрі мен арнаулы әлеуметтік көмек айналасындағы мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, мемлекеттен көмекті ұлғайту бюджетке артық салмақ түсіреді.
Желіде айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің әскерилер мен полиция қызметкерлеріне оқыған арнайы лекциясын талқылады.
Шыңжаңдағы этникалық қазақтар мәселесімен айналысатын "Атажұрт еріктілері" ұйымы ресми тіркеуден өте салып, өз ішінде екіге бөлініп жатыр.
Желіде сенат депутаты өкілеті тоқтаған Бірғаным Әйтімованың Сенаторлар кеңесі төрайымының орынбасары болып тағайындалғанын талқылады.
Желіде премьерасы болған "Томирис" фильмінің кинотеатрларда қазақша сеанстары жоқ екенін талқылап жатыр.
Ақын, "Невада Семей" қозғалысының құрған Олжас Сүлейменов Азаттыққа Семей полигонынан зардап шеккендердің өтемақысының азаюы, Қазақстандағы наразылыққа шыққандардың қамалуы және көп балалы аналарды билік өкілдерінің "масыл" деп атағанына қатысты пікірін айтты.
Желіде БҰҰ Бас Ассамблеясында барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің фотосын талқылап жатыр.
Алматыда 15 тәулікке қамалған төрт белсендінің аппеляциялық шағымы қаралды. Сот Андрей Пахотновтың, Мұрат Шормановтың және Ермек Қазиевке шыққан алғашқы шешімді өзгертпеді. Ал төртінші белсенді Геннадий Крестьянскийдің шағымын қарап үлгермей қалды. Абақтыда бір аптадай аштық жариялап жатқан белсенді
Желіде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің үй сұрап келген көп балалы әйелдерге ұрысқан видеосын талқылады.
Қазақстандағы жалғыз оппозициялық Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы (ЖСДП) ішінде өзгеріс болып, төраға ауысты. Маусым айында ғана партия басшылығына келген Ермұрат Бапиге үзеңгілестері сенімсіздік білдірді.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жиынында ұйым төрағасы Ермұрат Бапи қызметінен алынып, партиядан шығарылды. Оны қуғындағы экс-премьер Әкежан Қажыгелдин, Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтермен байланыс орнатты деп айыптады. Бапи бұл айыппен келіспейді.
Желіде Азия елдері қаламгерлерінің форумына бөлінген 281 миллион теңгені талқылап жатыр.
Тағы