АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Батыс Қазақстан облысында тасқынның екінші толқыны жетіп, елді мекендер суға батып жатыр. || 20-21 сәуір күндері әлемнің бірнеше еліндегі қазақтар митинг өткізді. || Абақтыда аштық жариялап жатқан журналистер – Тілеужан мен Мұхаммедкәрімге қысым көрсетіліп жатыр деп мәлімдеді жақтастары.
Қазақстанның солтүстік өңірінде су тасқынының екінші толқыны келе бастады. Бірнеше елді мекеннен тұрғындар эвакуацияланды. ||Су тасқынын сынаған адамдардың кейбірі жауапқа тартылды. || Қазақстанға АЭС керек пе, жоқ па? Шымкентте қоғамдық тыңдау өтті.
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын миллиондаған адам бақылап отыр. Арасында шетелдіктер де бар. Неліктен сот процесі жұрт назарына ілікті және Қазақстанда сот отырысын алғаш рет онлайн көрсетудің сыры неде?
Оралда тұрғындар биліктен өтемақы талап етіп наразылыққа шыққан. Өңірде тасқын қаупі әлі өршіп тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев су басып жатқан Солтүстік Қазақстанға барды. Президент барлық шығынды мемлекет өтеп береді дейді. Ал жұрт бір реттік төлем алу үшін кезекте тұр.
Петропавлдың іргесін су басып жатыр. Жеті мыңнан аса адам эвакуацияланған.
Жайық көтеріліп келеді. Атырау облысында жұрт дүрліге бастады. Пойыз, ұшаққа билет жоқ. Тасқын су солтүстіктегі Петропавл қаласының іргесіне жетті. Электр бағандары құлап, облыс орталығы сусыз қалды. Алматыда бөгет салуға 22 млрд теңге бөлініп, құрылысы бітпей қалған.
Тимур Құлыбаевтың компаниясы Алматыда бизнес орталық салып жатқан жерден айырылды.
Үй-жайы суға кеткен жұрт өтемақы мәселесіне алаңдайды. Азаттық сөйлескен тұрғындар шығын толық өтелсе дейді. Билік өтемақы арыз мақұлданған соң 30 күн ішінде берілетінін айтады.
Қазақстанда су тасқыны қаупі төнген аймақтардан жүз мыңға жуық адам эвакуцияланды. Елдің 10 облысында әр түрлі деңгейде төтенше жағдай жарияланған. Батыс Қазақстанда Жайық, Қостанай облысында Тобыл, Солтүстік Қазақстанда Есіл өзендеріндегі су деңгейі күн өткен сайын көтеріліп барады.
- Қазақстанда су тасқыны күшейіп барады. Он облыста төтенше жағдай жарияланған. Елдің батыс өңірінде ахуал күрделі. Атырау облысының Құлсары қаласы түгелге жуық су астында қалды. - Қазақстанның барлық өңірін әбігерге салған тасқын су қайдан келді? Жылдағы тасқыннан биылғы судың қандай айырмашылығы бар? - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше биылғы тасқын Қазақстанда 80 жылдан бері болмаған апат. Азаттық соңғы 10 жылдағы тасқындарды шолып шықты.
Қазақстанда тасқын қаупі қайта күшейді. Ақтөбеде екінші бөгет жарылып, Атырауда Құлсары қаласын су алып жатыр.
Жұрт назарын бұрған Қуандық Бишімбаев ісінде марқұм Салтанат Нүкенованың телефоны тексерілді. Процесте тағы не айтылды?
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Салтанат Нүкенованы қалай ұрып-соққаны соттта көрсетілді. Тараптар не дейді?
Тайвань аралының шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Көптеген ғимарат бүлінген. Қазірге дейін жеті адам қаза тапқаны, жетпістен астам тұрғын үйінді астында қалғаны хабарланды. Жеті жүзден астам адам жараланған.
Тағы