Тайвань аралының шығысында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Көптеген ғимарат бүлінген. Қазірге дейін жеті адам қаза тапқаны, жетпістен астам тұрғын үйінді астында қалғаны хабарланды. Жеті жүзден астам адам жараланған.
Қазақстанда елді мекендерді су алып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жауапты тұлғалармен шұғыл жиын өткізген тұста ақпарат министрі Аида Балаева жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырып, ондай адам "жауапқа тартылады" деді. Министрдің бұл мәлімдемесі әлеуметтік желіде сынға қалды. Шенеунік сөзін журналистер де құптамады.
Биыл көктемде тасқын қаупі төніп, төтенше жағдай режимін жариялаған алғашқы аймақ – Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы маңындағы ауылдар мен саяжай алабының халқы қауіпті аймақтан көшірілді. Жұрт тек құжаты мен азын-аулақ киімін ғана алып үлгерген. Таяу арада су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін.
Абай облысында тасқын басталғалы 4 адам суға ағып кеткен. Бірақ бүгінгі үкімет отырысында төтенше жағдайлар вице-министрі адам шығыны жоқ деді.
Қазақстан үйреншікті еуропалық инсулиннің орнына Қытайда шығарылған инсулин сатып алған. Қытайда бір ғана зерттеуден және Қазақстанда тек шектеулі клиникалық бақылаудан ғана өткен жаңа препаратқа пациенттер секеммен қарайды. Сарапшылар мен депутаттардың көкейінде де оған қатысты сұрақ көп.
Қазақстанда тасқын су қатері әлі басылмады. 12 облыс аумағында бірнеше елдімекенді су басқан. // Ақорда тасқынға байланысты жиын өткізді. Халықтан кешірім сұраған президент үкіметті сынады. // Әр аймақ халқы апаттан зардап шеккендерге көмек ұйымдастыруға кірісті.
Қазақстанның басым бөлігінде су тасқыны күшейді. Шалғай ауылдарда мал-мүлкі суға кеткендер аз емес. || Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Бишімбаевтың сотында марқұмның ағасы жауап берді. || Қазақстанда қырғыз режиссерінің фильміне қызығушылық күшті. Фильм төрт күнде 454 миллион теңге тапты.
Ресейдегі терактіні жасаған кім? "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алса да Кремль оқиға артында Украина тұрғанын айтады. || Терактіге байланысты сегіз адам екі айға қамалды. Оның көбі Тәжікстан азаматы. || Бірнеше өңірде еріген қар суы жұртты әбігерге салып жатыр.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке сот шартты жаза кесті. || Қаңтарда ішкі істер министрлігін басқарған Ерлан Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі,ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 8 жылға шартты жаза алды. Самат Әбіштің ауыр қылмыстық іс бойынша айыпталып, шартты жаза алғаны наразылық туғызды.
Астанада бірнеше белсенді әкімшілік қамауға алынды. Билік оларды оппозиция қарсылық акциясы өтеді деп белгілеген күнге жеткізбей жазалады.
Назарбаев ресми биліктен кетіп, орнына Тоқаев келгелі 5 жыл. Қазақстанда 5 жылда не өзгерді?
Ресейді 20 жыл басқарған Владимир Путин тағы 6 жылға сайланды. || Алматыда сарбаз 3,5 ай бойы комада жатыр. Ата-анасы ол таяқ жеген дейді. || Қазақстан елтаңбасының авторы президенттің рәмізді өзгерту ұсынысына қарсы шыға алмаймын дейді. Тоқаев сөзін желіде сынағандар көп, жақтағандар да бар.
Осыдан 10 жыл бұрын Ресей Қырымды аннексиялады. Түбекті басып алмас бұрын территорияны Украинадан бөлу туралы референдум өтті. Әлемнің көптеген елі оны мойындаған жоқ. Қазақстан екіұшты тұжырымды алға тартты. Осы он жыл ішінде Астанада Қырым тақырыбы қалай өрбіді және елде оған қалай қарайды?
Cовет өкіметі 1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонында 468 ядролық сынақ жарылысын жасады. Орасан зор зиян тигізген оның зардабын халық әлі күнге шегіп келеді. Жергілікті фототілші Сабыржан Құсайыновтың жеке архивіндегі фотоларда полигонда пайдаланылған техниканың қалдығын көруге болады.
Тағы