Қызылорда қаласына қарасты Қалғандария ауылы оқушыларының мектепке баруы қиындап кетті. Оларға Сырдарияның сол жағалауына салынып жатқан шағын аудан құрылысы кедергі.
Шанхайда ең көрікті ғимараттардың бірі Нефрит Будда храмын 30 метрге жылжытты. Ғибадатханаға келушілер мен туристер сыймағандықтан осындай инженерлер осындай шешім қабылдаған.
Жаңаөзен қаласында орамал тағатын 60 шақты оқушы қыз бала сабаққа бара алмай жүр. Оларды сабаққа кіргізбеген мектеп әкімшілігі білім министрінің бұйрығына сілтеме жасайды.
Берлинде өткен технологиялық көрмеде «ақылды бақшаның» жаңа моделін көрсетті. Құрылғы шөп пен көкөністерді өз бетінше өсіре алады, тек иесі өнімді уақытында жинап тұрса болғаны.
Үш айға созылған EXPO-2017 халықаралық көрмесі кеше аяқталды. Халықтың бұл шара жайлы пікірлері әртүрлі.
Оралдың бірнеше тұрғыны қаладағы РУ170/2 жалпы режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан туыстарын түрме әкімшілігі изоляторда заңсыз ұстап отыр деп наразы. Олардың сөзінше, изоляторға түскендер түрме әкімшілігіне қызмет ететін сотталушылармен төбелесіп қалған.
Алматының орталығындағы Фурманов көшесінің бір бөлігі жабылды. Адамдар жолынан қалып, көліктер кептелісте бөгелді.
Бас бостандығы үш жылға шектеліп, үш жыл журналистік қызметпен шұғылдануына тыйым салынған Жанболат Мамай Азаттық тілшісімен сұхбатында өзіне қатысты үкім туралы пікірін айтты. Алматы, 7 қыркүйек 2017 жыл.
"Мұхтар Әблязов жымқырған қаражаттың бір бөлігінің ізін жасырды" деген айыппен сотқа тартылған журналист Жанболат Мамай бас бостандығы шектеліп босап шықты.
Швейцарияның Barry Callebaut кондитерлік фирмасы шоколадтың төртінші түрін – лағыл түстес түрін жасады. Ерекше шоколодты таныстыру рәсімі Шанхайда өтті.
Польшалық студенттер жерде жүретін ровер құрастырды. Видеокамера және манипулятормен жабдықталған шағын ғана жол талғамайтын аппараттың бағасы 2000 доллар шамасында.
Жыл басынан бері Қазақстанда сексеннен астам бала көп қабатты үйдің терезесінен құлаған. Мамандардың пікірінше, бұған ата-аналардың салғырттығы себеп.
НАСА астронавтары Пегги Уинстон мен Джек Фишер және ресейлік Федор Юрчихин мінген капсула кеше Қазақстан территориясына қонды.
Алматы қаласының Медеу аудандық 2-сотында журналист Жанболат Мамайдың үстіне қозғалған қылмыстық істің жарыссөзі өтті. Прокурор судьядан оның бас бостандығын төрт жылға шектеуді және үш жылға дейін журналистік қызметпен шұғылдануына тыйым салуды сұрады. Ол талаппен зардап шегуші тарап - БТА банк өкі
Алматыдағы №173 мектепте жаңа оқу жылының басталуына арналған шарада оқушыларды "түрлі діни ағымдар" ықпалынан сақтандырды.
Алматының Медеу аудандық 2-сотында «Трибуна. Саяси қалам» газеті бас редакторының міндетін атқарушы, ақпаннан бері қамауда отырған Жанболат Мамайдың соты жалғасты.
Жыныстық зорлыққа қарсы "Немолчи.kz" қозғалысына бір жыл толды. Жәбірленген әйелдерге демеу көрсетуді мақсат еткен қозғалыс биыл 15 адамның ісін сотқа жеткізген.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары «төрт жылға жуық уақыттан бері тиесілі пайларын (үлеспұлдарын) ала алмай жүргендерін» айтып, «БАТ» серіктестігіне тиесілі жерлерін қайтарып алмақ болып сотқа жүгінді.
Алматыда ипотекалық борышкерлердің алдын-ала жоспарланған републикалық съезі өтпеді. Жиынды өткізуге келісім берген орындар әртүрлі себеппен бас тартқан.
Сотқа жәбірленуші тарап ретінде БТА банк өкілі, куәгерлер Жақсылық Жарымбетов пен оның қарындасы Шәмшия Жарымбетова және Жанболаттың адвокаттары қатысты.
Тағы