Тергеу Абдужаббаров уағыздары арқылы діни экстремизм идеяларын таратты деп санайды. Ал айыпталушы өзінің арабша кітаптарды тек аударумен айналысқанын айтады.
Алматыдағы Райымбек даңғылының Сүйінбай және Пушкин көшелерімен қиылысатын тұсында күнде кешке көлік пен жаяулар кептелісі пайда болады.
Алматыда бірнеше бағыттағы автобус жүргізушілері жалақыларының аздығын айтып наразылық танытты. Олардың айтуынша, жүргізушілердің алды 50, соңы 15 мың теңге ғана алады. Автопарк басшылығы комментарий бермейді.
Петропавлдағы Егемен Қазақстан көшесіндегі бес қабатты жатақхана апатты деп танылса да, адамдар тұрып жатыр. Әкімдік 1980 жылдары салынған ғимаратты жөндейтінін айтады.
Төтенше жағдайлар комитеті жыл басынан бері Қазақстанда үш жүзге жуық адам суға батып, опат болғанын хабарлады.
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қайназар ауылындағы орта мектептің 85 мұғалімі "жаңа мектеп салынғасын жұмыссыз қаламыз ба" деп алаңдайды. Ал аудандық білім бөлімі "ешқандай мұғалім жұмыссыз қалмайды" дейді.
Петропавл тұрғындары көкөніс пен жеміс-жидек бағасы биыл еселеп өскенін айтады.
Кей деректер бойынша, 1937-1938 жылдары Қазақстанда саяси қуғын-сүргін салдарынан 100 мыңнан аса адам түрмеге қамалып, 25 мың адам атылған.
Есік көліне келіп демалушылар жағалаудың тазалығына разы емес. Ал Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің мамандары көл маңын үнемі тазалайтындарын айтады.
Алматы облысы Үшқоңыр ауылында электр жарығынсыз отырған бірнеше отбасы журналистерге «жергілікті билік мәселемізді шешуге асығар емес» деп шағым айтты.
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев көктемде тасқын су басқан Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Жанболат Мамайды қолдаған белсенділер Алматы прокуроры Ғабит Миразовқа «тілшіні абақтыда ұрып-соққаны» туралы айтты.
Маңғыстауда Моңғолиядан келген оралман Ғазиза Октябрьге Қазақстан азаматтығы берілмейтіні хабарланды.
Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылының отызға жуық тұрғыны ресми орындардың үйлеріне құжат бермей отырғанын айтады.
1971 жылы салынған жасанды су қоймасы шомылуға қолайлы ма және суға түсушілердің денсаулығына қауіпті емес пе?
Прокуратураға жазған арыз-шағымдары жауапсыз қалғанына наразы тұрғындар Алматы прокуроры Ғабит Миразовтың қызметінен кетуін талап етті.
Қызылордада өткен еңбек жәрмеңкесінде солтүстіктен келген жүздеген мекеме жұмыс ұсынды. Тұрғындардың кейбірі бұл жерден лайықты жұмыс таппағандарын айтады.
Мамандар шетелге көшкен қазақстандықтар көбейгенін айтады. Олардың дені Ресейге, Германия мен Беларуське кетеді.
Ер адам Оңтүстік Қазақстан облыстық соты алдында наразылық ұйымдастырып, судья қаулысындағы өзіне қатысты "азаматша" сөзін өзгертуді талап етті.
Қызылордада жолақы қымбаттап, 90 теңге болды. Қала тұрғындары бұл шешімге риза емес. Ал жолаушы тасымалдаушы компаниялар бензин мен қосалқы бөлшекке шығын көбейгені бұл өзгеріске себеп болғанын айтады.
Тағы